11.09.2018, 23:45 7988

Алматы қаласыныӊ күніне орай "Илем музыкалық аспаптары" халықаралық фестивалі өтеді

14 қыркүйекте аталған өнерпаздардыӊ қатысуымен "Илем халықтарыныӊ музыкалық аспаптары музей сахнасында" және "Аӊыз домбыра" шеберлер байқауы жеӊімпаздарыныӊ қатысуымен өтетін гала-концертпен жалғасады. Кеш соӊынан қатысушы елдердіӊ ұлттық музыкалық аспаптары музей қорына қабылданады.

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Алматы қаласыныӊ күніне орай, Алматы қаласы мен Стамбул (Түркия), Вильнюс (Литва), Минск (Беларусь), Будапешт (Венгрия), Александрия (Египет) қалаларыныӊ арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Илем музыкалық аспаптары" халықаралық фестивалі өтеді.

Бауырлас қала ұғымы Еуропада Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасты. Мақсаты - Еуропахалықтары арасындағы интеграцияныжиілету, өзара түсіністікті арттыру, бір-біріне демеу беру мен көмектесу болды. Бұл түсінік қазір әлемніӊ көптеген елдеріне қанат жайды.

Тәуелсіздік алған жылдан бері Қазақстан әлемніӊ 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Сонымен бірге, Алматы қаласы 19 мемлекетпен бауырластық пен ынтымақтастық келісімге отырды. Бүгінгі күнде Алматы қаласы мен Стамбул (Түркия), Вильнюс (Литва), Минск (Беларусь) қалалары арасындағы бауырластық пен ынтымақтастықтыӊ орнауына 20 жыл, Будапешт (Венгрия), Александрия (Египет) қалаларымен бауырластық пен ынтымақтастықтыӊ орнауына 15 жыл толып отыр.

Аталған қалалар арасындағы бауырластық пен ынтымақтастық қатынастарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған фестиваль бағдарламасында: 13 қыркүйек күні Беларусь, Литва, Венгрия, Түркия және Египет өнерпаздарыныӊ шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, "Илем музыкалық аспаптары" фестиваліне қатысушы өнерпаздардыӊ Панфилов көшесі бойында "Аспан астындағы музыка" атты концерті өтеді.14 қыркүйекте аталған өнерпаздардыӊ қатысуымен "Илем халықтарыныӊ музыкалық аспаптары музей сахнасында" және "Аӊыз домбыра" шеберлер байқауы жеӊімпаздарыныӊ қатысуымен өтетін гала-концертпен жалғасады. Кеш соӊынан қатысушы елдердіӊ ұлттық музыкалық аспаптары музей қорына қабылданады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны