20.08.2018, 16:44 6633

Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында 11-ші жедел жәрдем медициналық станциясыныӊ салтанатты ашылуы өтті

Жедел жәрдем медициналық станциясы 14 бригадамен қамтамасыз етіледі, атап айтқанда: 2 қарқынды терапия бригадасы, 2 педиатрлық,1 дәрігерлік, 9 фельдшерлік бригада жергілікті халыққа қызмет көрсетеді.

Алматы. 20 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 15 тамызы күні Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында жедел жәрдем медициналық станциясыныӊ салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Айтулы іс-шараға Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімініӊ орынбасары, Алматы қаласыныӊ денсаулық сақтау басқармасы басшысыныӊ орынбасары, аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы және мүшелері қатысты.

Жедел жәрдем станциясыныӊ ашылуы тұрғындардыӊ жедел шақыртуларына уақытылы жауап беруге және аудан жұртшылығына шұғыл медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Жедел жәрдем медициналық станциясы 14 бригадамен қамтамасыз етіледі, атап айтқанда: 2 қарқынды терапия бригадасы, 2 педиатрлық,1 дәрігерлік, 9 фельдшерлік бригада жергілікті халыққа қызмет көрсетеді.

Көлемі 1 мыӊ шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат жергілікті бюджеттіӊ қаржысына бой көтерген. Наурызбай ауданыныӊ "Шұғыла" елді мекенінде салынған қосалқы станцияда 20 шақты көлікке арналған тұрақ бар. Онда шақыртуларға тез жету үшін 14 бригада күндіз-түні тынбай жұмыс істейді. Жаӊадан ашылған жедел жәрдем бөлімшесінде 9 фельдшер, 20 шақты дәрігер және 78 медициналық қызметкер, 8 санитар бар.

"Соӊғы жылда қаламыздыӊ үлкейіп, жаӊа аудандардыӊ ашылуына байланысты жаӊа қосалқы станциялардыӊ ашылуына керек жағдай туды. Сол себепті, Наурызбай ауданыныӊ әкімшілігінен 489 миллион теӊге қаражат бөлініп, осы қосалқы станция салынды. Ол 70 соттық аумақта орналасқан", - деді Алматы қаласы Медициналық жедел жәрдем станциясыныӊ бас дәрігері Сәбит Пазылов.

Айта кетейік, 90 жылдық тарихы бар "103" қызметінде жалпы, 177 бригада және 2 мыӊнан аса медициналық қызметкер халыққа алғашқы көмек көрсетеді. Айтуларынша, жедел жәрдемге күніне шамамен, 3000-ға жуық хабар түседі екен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны