16.09.2018, 00:58 8245

Алматы қаласыныӊ Наурызбай ауданында "Отбасы құндылығы" атты дөӊгелек үстел өтті

Біздіӊ қоғамымыздағы ата-анаға, үлкенге, қыз балаға деген құрмет, көршіге деген сыйластық қарым-қатынас отбасы құндылықтарыныӊ бастауы екендігін тілге тиек ете отырып, осы бағытта ел болып көбірек жұмыс жасауға көӊіл бөлу қажеттігін баса айтты.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 10 қыркүйегі күні Алматы қаласы Наурызбай ауданыныӊ әкімі аппаратыныӊ мәжіліс залында "Отбасы құндылығы" атты дөӊгелек үстел өтті.

Дөӊгелек үстелде аудан әкімініӊ орынбасары Б.И.Пірәлиев отбасылық маӊыздылық және әйелдер істері отбасылық-демографиялық саясат маӊызына тоқталды.

Жиынға 2018 жылғы Алматы қаласыныӊ "Мерейлі отбасы" байқауыныӊ жеӊімпаздары, Наурызбай ауданы Ішкі істер басқармасыныӊ жергілікті полиция қызметініӊ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобыныӊ аға инспекторы, аудан бас имамы, ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы, АХАТ бөлімініӊ басшысы қатысып, отбасы құндылықтарыныӊ қоғам өміріндегі рөлі әрдайым жоғары болуы тиіс екендігіне мән берді.

Біздіӊ қоғамымыздағы ата-анаға, үлкенге, қыз балаға деген құрмет, көршіге деген сыйластық қарым-қатынас отбасы құндылықтарыныӊ бастауы екендігін тілге тиек ете отырып, осы бағытта ел болып көбірек жұмыс жасауға көӊіл бөлу қажеттігін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны