05.02.2010, 13:31 5789

Алматы қаласының прокуратурасы педиатрия институтын тексере бастады

Алматы қаласының прокуратурасы педиатрия институтын тексере бастады

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының прокуратурасы балалардың "С" вирусты гепатитін жұқтыру себептерін анықтау бойынша "Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы" РМКК-да (ПБХҰО) қосымша тексеру жүргізе бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы 22 қаңтарда "Медициналық ұйымдарда инфекциялық ауруларды жұқтырудың алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы" Денсаулық сақтау министрлігінің № 35 бұйрығы бекітілді;

"2010 жылғы 1 шілдеге дейін барлық қан орталықтары вирусинактиваторлармен және вирусты гепатиттердің ПЦР- диагностикасына арналған қондырғылармен жарақтандырылады және оған қаржы көздері ескерілген";

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы 15 ақпанға дейін "В" және "С" вирусты гепатиттерінің диагностикасы және ем жүргізу алгоритмдері, науқастарды емдеудің клиникалық, ұйымдастыру, тактикалық аспектілері әзірленеді. Оның ішінде "В" және "С" вирусты гепатиттерімен ауырған науқастарды емдеу және диспансерлік бақылау инфекциялық ауруханаларбазасында жүзеге асырылатыны туралы шешім қабылданды;

Бұған қоса, министрлдіктің хабарлауынша, 2010 жылғы 20 қаңтардан бастап гемабластозбен ауыратын ересек науқастарды емдеу үшін "Қазақ онкология және радиология ғылыми- зерттеу институты" РМКК- да 30 төсек-орындық бөлімше ашылды;

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында лейкоз ауруын емдеу үшін "Педиатрия және балалар хирургиясы ұлттық орталығы" РМКК-да (ПБХҰО) төсек-орындар санын 60-тан 80- ге дейін көбейту және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап гемабластозбен ауыратын науқас балалар үшін сүйек кемігін трансплантаттау бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. Осыған байланысты министрлік Астана қаласында "Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы" АҚ базасында онкогематологиялық бөлімше ашу қажет емес деп есептейді, өйткені Астана қаласында есепте лейкемиямен ауыратын 5 бала тіркелген. Қабылданған шаралар медициналық қызметтердің осы түрін көрсету қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Және онкогематологтялық аурулардың бұл түрлерінің диагностикасы мен емдеуін республика бойынша қолданылатын бірегей тәсілді ескеру қажет.

"Гемабластозбен ауыратын балаларды дәрілермен қосымша қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Осы санаттағы науқастардан дәрілік заттардың болмауына Денсаулық сақтау министрлігіне шағым келіп түскен жоқ",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "В" және "С" вирусты гепатиттерімен науқас балаларды емдеу үшін кезең-кезеңімен бір орталықтан дәрілік заттар сатып алу мәселесі шешілді (2010 жылы- балалар үшін, 2011 жылы- ересек науқастар үшін). Вируске қарсы негізгі Роферон препаратын (интерферон) "Фармация" СҚ сатып алды, өңірлік инфекциялық ауруханалардың және ПБХҰО өтінімдері бойынша жақын арада жеткізетін болады. Вируске қарсы басқа Ребетол препараты "Хоффман ля Рош" компаниясымен келісім негізінде тегін жеткізілетін болады. 18 жасқа дейінгі балаларға пигилденеген интерферондарды қолдануға болмайтын жағдайлар, қарсы көрсетімдер ескеріле отырып, бұл дәрі- дәрмектер сатып алынбайды.

"Алматы қаласындағы № 2 қалалық аурухананың базасында лейкемиямен ауыратын балаларға медициналық қызмет көрсету үшін диспансерлік кабинет және күндізгі стационар ашылды, осында бұл балалар тегін емделеді.

ПБХҰО базасында науқас балаларға барлық биохимиялық, гематологиялық тексерулер тегін жүргізіледі",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны