25.09.2012, 11:49 2818

Алматы қаласының шекарасы туризмді, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және Универсиада нысандарын салу үшін кеңейтілді

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 11920,93 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 8360,52 гектар Қарасай ауданы және алаңы 3560,41 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қосу арқылы кеңейтілді, деп хабарлады оңтүсітк астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының шекарасы туризмді, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту және Универсиада нысандарын салу үшін кеңейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 11920,93 гектар Алматы облысы, оның ішінде алаңы 8360,52 гектар Қарасай ауданы және алаңы 3560,41 гектар Талғар ауданы жерінің бір бөлігін қосу арқылы кеңейтілді, деп хабарлады оңтүсітк астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде қол қойды.

Алматы облысының Қарасай мен Талғар аудандары жерінің бір бөлігін мегаполиске беру туралы шешім республикалық маңызы бар қаланы тұрақты дамыту мақсатында қабылданды. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, туризмді, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуды, Универсиада-2017 нысандары мен көлік-жол айрықтарын салуды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласының шекарасындағы Қарасай ауданының бөлігіндегі аумаққа "Көк жайлау" халықаралық маңыздағы тау шаңғысы курортының құрылысы жоспарланған. Жоба еліміздегі туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Өзгеріске ұшыраған аумақта тұратын халықтың саны 1556 адамды құрайды. Негізіне олар Таусамал мен Ерменсай ауылының тұрғындары. Осы ауылдың тұрғындарымен аталған аумақтың Алматы қаласының шегіне қосылатындығы туралы алдын ала жалпы жиналыс өтті.

Өндіріс, коммерция, өнеркәсіпке пайдаланылатын жердің үлесі 488 гектарды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны