26.10.2015, 13:32 3288

Алматы қаласыныӊ төтенше жағдайлар департаментіне жаӊа басшы келді

Алматы қаласыныӊ төтенше жағдайлар департаментіне жаӊа басшы келді. Жаӊа лауазымға генерал-майор Серік Иубәкіров тағайындалды

Алматы. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ төтенше жағдайлар департаментіне жаӊа басшы келді. Жаӊа лауазымға генерал-майор Серік Иубәкіров тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымовтыӊ бұйрығымен Алматы қалалық ТЖД басшылығына өртке қарсы қызметтіӊ генерал-майоры Серік Иубәкіров тағайындалды. Серік Иубәкіров ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасыныӊ орынбасары қызметін атқарып келген. Бүгін жаӊа басшыны ұжымға таныстыру үшін ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко келеді", - деді баспасөз қызметінен.

Серік Иубәкіров 1985 жылы өрт сөндіруші-техник мамандығы бойынша Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін бітіріп шыққан.

Айта кету керек, 4 жылдай Алматы қалалық ТЖД басқарған Берік Құтпанов 2 ай бұрын жұмыстан босатылған болатын. Баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, ол ТЖК резервіне тіркелді. Оныӊ міндетін орынбасары Нұрлан Мадьяров атқарып келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны