27.06.2008, 10:09 1465

Алматы қаласының тұрғыны төрт жыл бойы әділетті шешім күтіп жүр - қорғаушы

Алматы қаласының тұрғыны төрт жыл бойы әділетті шешім күтіп жүр - қорғаушы

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының тұрғыны Вячеслав Казнин төрт жыл бойы әділетті шешім күтіп жүр. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында оның мүддесін қорғаушы адвокат Руслан Илимұратов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, жол үстінде "Тұран" университетіне қызмет көрсететін қызметтік көліктің жүргізушісі В. Казнин мен кәсіпкер Есенғали Жамаловтың арасындағы оқиға 2004 жылдың 13 ақпанында болған. "В. Казнин қызметтік автобуста студенттер мен ұстаздарды Достық көшесімен жоғары қарай алып келе жатқан. Ал Е. Жамалов өзінің джипімен төмен түсіп келе жатып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, автобустың алдында кері айналу кезінде жолға сыймай қалған", - дейді адвокат. Содан Е. Жамалов автобусты қуып жетіп, жолды бөгей тоқтатып, көптеген куәгерлердің көзінше В. Казнинді соққыға жыққан.

"Соққылардың нәтижесінде В. Казнин орта дәрежедегі сүйек және дене жарақаттарын алған. Жалпы алғанда ол аурухана төсегінде 5 ай жатты", - деді Р. Илимұратов.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары кәсіпкерді жауапкершіліктен босату үшін бәрін жасаған. Бастабында іс екі жақты төбелес ретінде ұсынылды. Кейін "тілеулестердің" табанды тілектеріне назар салмаған Алматы қалалық ІІД тергеушісі полиция майоры Шерәлі Балсаидовты сот арқылы істен шеттетті. Ақыр аяғында күдіктінің іс-әрекеттерін абайсызда болған деп танып, қылмыс іздері болмағандықтан қаншама рет қылмыстық істі тоқтатқан.

"Кәсіпкердің әйелі Сәуле Қабжанова қалалық прокуратурада қызмет істейді. Нақты айтар болсам, ол прокуратура басқармасының аға көмекшісі және соның арқасында күйеуі Е. Жамалов қылмыстық жауапкершілікке тартылмай отыр", - деп есептейді адвокат.

Қорғаушының пайымдауынша, мұндай көзге ұрып тұрған қылмысты тергеу соншалықты қиындық туғызбайды. Куәгерлердің барлығы да тек Е. Жамалов шабуылдағанын айтқан. Ол жедел жәрдемге жүгінбеген. Оның тіпті қажеттілігі де болмаған.

Алайда, бір айдан соң Жамалов полицияға қарсы арыз жазған. Онда өзін В. Казнин соққыға жықты деп айыптап, рентген суреті мен өзінде жабық түрде миы қозғалған, жағы сынған деген медициналық қорытындыны ұсынған. Оған №5 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Б. Сембаев қол қойған.

Қорғаушының айтуынша, тергеуші Ш. Балсаидов жүргізген тергеу бұған қарама-қарсы жағдайды суреттеген. Оны көптеген куәгерлер: студенттер - М. Величко, З. Сәбитова пен В. Смолянинова, жүргізуші В. Грачев, Жол полициясы басқармасының аға инспекторлары Д. Нұрланов пен Р. Ибдіқұлов, "Тұран" университетінің қызметкері М. Тұрғанбаев, жедел жәрдем дәрігері Н. Маденов айғақтаған.

Оның үстіне майор Ш. Балсаидов Е. Жамалов ұсынған рентген суретінің шын мәнінде оған тиесілі еместігін дәлелдеудің мүмкіндігі туған. Бұл оқиға бойынша Ш. Балсаидов қылмыстық іс қозғаған.

Алайда, Медеу ауданының прокуроры Е. Қожабеков тергеу негізінде 2004 жылдың 30 шілдесінде құрастырылған айыптау қорытындысын бекітпеген. Сонымен қатар, 2004 жылдың 2 тамызында ол қылмыстық істі қозғау туралы қаулының күшін жойып, тергеуші Ш. Балсаидовты істен шеттеткен және оны қылмыстық істі тергеу кезіндегі объективті және адал болмаған деп айыптаған.

"3 тамызда Алмалы аудандық сотының судьясы Зәуре Кейкібасова Е. Жамаловтың шағымын негізделген және қанағаттандыруға жатады деп тапқан. Бұл ретте судья ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 109-бабының 5-тармақшасын бұза отырып, өзінің қаулысына шағым түсіруге және қарсылық көрсетуге жатпайды деп шешім қабылдаған", - деді қорғаушы.

"Жамаловқа қарсы қылмыстық іс 5 рет қозғалып, бесеуінде де тергеу барысында тоқтатылды. Бес рет ҚР Бас прокуратурасы істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, нұсқау көрсеткен. Бас прокуратураның нұсқаулары әлі орындалар емес", - деп атап көрсетті Р. Илимұратов.

Оның айтуынша, Ш. Басайдовты қылмыстық істен шеттеткеннен кейін Е. Жамаловқа қарсы қылмыстық іс бірнеше мәрте қайта қозғалып, қайтадан тоқтатылған. Оларды Медеу аудандық ІІО тергеушілері А. Өтешев, Т. Ибуов, Д. Кенжалин, Т. Зайнутдинов, В. Сорокин, А. Бегалиев жүргізген. Олардың ешқайсысы да қылмыстың шын бейнесін "қалпына келтіре алмаған". Және бұл көптеген куәгерлерге және Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медицина орталығының сарапшыларының қорытындыларына қарамастан орын алған.

"Бас прокуратура қылмыстық істің материалдарын жіті зерттей келе Жамаловты кінәлі дейді. Тек 257 және 104 баптар бойынша ғана қылмыстық іс қозғап қоймай, сарапшыларға да қылмыстық іс қозғау керек, жала жапқаны үшін тағы қылмыстық іс қозғау керек. Өйткені, ол сараптама актісін - жалған құжатты ұсынған болатын", - деді Р. Илимұратов.

"Осы жақында ғана Жамалов менің тағы бір қорғауымдағы адам Шәміл Саидовпен тура осы секілді жағдайға тап болған. Тура осындай жағдай, тура осылай жол көлік оқиғасы болған. 257-бап бойынша қылмыстық істі менің қорғауымдағы Ш. Саидовқа қарсы қозғады. Оның қамауда отырғанына, міне, осы екі айдың жүзі болды", - деді адвокат.

Оның айтуынша, бұл іс бойынша ешқандай да тергеу әрекеттері жүргізілмеген. Куәгерлерден жауап алынбаған. "Алайда, 10 мамырда Жетісу ауданының прокуроры Рүстем Рақышов Саидовты тұтқындауға санкция берген. "Мен прокурормен әңгімелестім. Ол маған тұтқындауға тиіс екенін, өйткені, ол қалалық прокуратурадан осындай тапсырма алғанын айтты", - деді қорғаушы Р. Илимұратов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны