16.08.2018, 16:50 4017

Алматы қаласыныӊ Түрксіб ауданындағы аулалардыӊ жартысынан көбі жөндеуден өтті

Жыл аяғына дейін тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылықты модернизациялау бойынша тағы да 174 үйдіӊ қасбеттері, шатырлары мен подъездері жөндеуден өтетін болады, 226 лифт ауыстырылады.

Алматы. 16 тамыз. KazakhstanToday - Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс барысында Түрксіб ауданыныӊ коммуналдық-шаруашылық инфроқұрылымын қалпына келтіру қарқынын тексерді. Егер өткен жылы мұнда 80 аула жаӊартылса, биылғы жылы 130 ауладан асып отыр. Осылайша, тек екі жылда қаланыӊ көне ауданында барлық аулалардыӊ жартысы жаӊартылды.

Бауыржан Байбек Б.Майлин көшесі мен Сүйінбай даӊғылыныӊ тұрғындарымен кездесу барысында қала инфроқұрылымды модернизациялау аясында 524 көше мен 800 километр инженерлік жүйелер жөндеуден өткенін айтты. Жыл аяғына дейін 80% дейін жаӊа автобустар саны көбейетін болады.

"Алматы - бұл қала орталығы ғана емес. Қаланыӊ барлық аудандарыныӊ жайлы және қауіпсіз ортаға құрылуы - біз үшін абсолюттік басымдылық. Қаладағы барлық жерасты өткелдерініӊ күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, бейнекамералар қойылуда. Үш жыл ішінде 700 мыӊ адам тартылып, 1400 аула көріктендірілді. Соӊғы бірнеше жылда біз Алматыныӊ барлық аулаларын жөндеуден өткіземіз", - деп атап көрсетті қала әкімі.

Жаӊартылған аулаларда балалардыӊ спортпен айналысуы үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында жаӊа балалар және спорт алаӊдары, тренаржер мен ойын жиынтықтары қойылды. Жасыл желек алаӊқайлары көбейтілді, жаӊа орындықтар мен қоқыс жәшіктері пайда болды, асфальтті және резина жабындылар орнатылды. "Қауіпсіз қала" аясында жарықтандыру тіректері жаӊартылды. Олар пилоттық режимде күн сәулесімен жұмыс істейді.

Жыл аяғына дейін тұрғын үй және коммуналдық-шаруашылықты модернизациялау бойынша тағы да 174 үйдіӊ қасбеттері, шатырлары мен подъездері жөндеуден өтетін болады, 226 лифт ауыстырылады.


Қаланыӊ тарихи орталығыныӊ қайта құрылуы жалғасады. Егер өткен жылы Панфилов, Жібек жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Төлебаев, Бәйсеитова көшелері мен "Астана" алаӊы жаӊартылса, биылғы жылы Абай, Абылай хан, Достық, Назарбаев, Желтоқсан даӊғылдары, "Алматы-2" вокзал маӊыныӊ аумағы және Республика Сарайыныӊ алдынағы алаӊды жөндеу қамтылып отыр.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны