31.07.2012, 16:46 6432

Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында алдағы уақытта демалыс аймақтары ашылады

Икімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, қазіргі таңда "Баум тоғайы" жағажайы айтарлықтай өзгерген. Отбасымен демалатындар үшін мұнда су аттракциондары, катамарандар, бассейндер жұмыс істеп тұр. Демалыс аймағы қоршалған, онда орындықтар қойылып, гүлдер отырғызылды, сондай-ақ автотұрақ жасалды.

Алматы. 31-шілде. Kazakhstan Today - Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарында алдағы уақытта демалыс аймақтары ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бірқатар саябақтар мен скверлерді абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерген кезде айтты.

Икімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, қазіргі таңда "Баум тоғайы" жағажайы айтарлықтай өзгерген. Отбасымен демалатындар үшін мұнда су аттракциондары, катамарандар, бассейндер жұмыс істеп тұр. Демалыс аймағы қоршалған, онда орындықтар қойылып, гүлдер отырғызылды, сондай-ақ автотұрақ жасалды.

Ал Жангелдин көшесінің бойындағы саябақта жаңадан балалар мен спорт алаңдары пайда болып, қайта жарақтандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ саябаққа 3 мың раушан гүлі отырғызылып, көгалдандырылды, асфальтты жол салынып, бақ іші жарықтандырылды.

Шаһар басшысы Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан германдық технология бойынша жасалған жаңа экологиялық тұрақтарды да көріп шықты. Компания өкілдерінің айтуынша, экологиялық паркинг көліктің үлкен ағынына қарамастан жасыл күйін үнемі сақтап қалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны