04.08.2015, 19:43 3514

Алматы қаласыныӊ үш ауданынан 224,8 мыӊнан аса текше метр лай-тас массасы шығарылды

Алматы қаласыныӊ үш ауданындағы сел ағыныныӊ салдарын жою жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар Қарғалы өзенініӊ арнасын, көшелерді, үйлерді лай-тас массасынан тазалау, зақымдалған коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарына негізделді. Азаматтық қорғаныс қызметтері дәрі-дәрмектермен, ыстық ас және сумен қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсетіп, түрғын үй аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде

Алматы. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ үш ауданындағы сел ағыныныӊ салдарын жою жұмыстары толық көлемде жүргізілуде. Жұмылдырылған күштер мен құралдар Қарғалы өзенініӊ арнасын, көшелерді, үйлерді лай-тас массасынан тазалау, зақымдалған коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарына негізделді. Азаматтық қорғаныс қызметтері дәрі-дәрмектермен, ыстық ас және сумен қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсетіп, түрғын үй аумақтарын санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Наурызбай ауданында Қарғалы өзенініӊ ұзындығы 4 шақырым зақымдалған арнасын тазалау және жаға нығайту жұмыстары жүргізілді. № 192 және 187 орта мектептерінде аумақ пен жертөлелерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Республикалық жедел-құтқару жасақтары мен Алматы қаласыныӊ Құтқару қызметтері жалпы көлемі 100-ден аса текше метр құлағалы тұрған 70 ағашты кесіп шығарды. Электр жабдықтау бұзылған төтенше жағдайлар аймағында электр желілерін монтаждау бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, электр жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді.

Су басқан аймақ пен тұрғын үйлер аумақтарын дезинфекциялық тазалау жөніндегі сегіз бригада жұмыс жүргізуде, 663 аула тазаланды. Халыққа дәрі-дәрмектер мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары жеткізіліп тұрады. Апаттар медицинасы орталығыныӊ медициналық бекеті мен жедел медициналық көмек көрсету бригадасы кезекшілік етуде. Сауда және тамақтандыру қызметі 5 тамақтандырудыӊ стационарлық және жылжымалы пункті орнатылды. "Су желісі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны халыққа ауызсу, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖ департаментініӊ өрт сөндіру бөлімшелері халықтыӊ тұрмыстық қажеттіліктері үшін техникалық су жеткізуді қамтамасыз етуде.

Төтенше жағдайлар салдарын жою кезеӊінде Алматы қаласыныӊ Наурызбай, Алатау және Иуезов аудандарынан 224,8 мыӊнан аса лай-тас массасы шығарылды.

"Қазселденқорғау" ММ Қарғалы өзені арнасынан судыӊ өтуі жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ Іле Алатауыныӊ сел қауіпті учаскелеріне мониторинг бойынша ұшу жүргізіледі. Ақсай шатқалында мұздақ көлдерді босату жұмыстарын жүргізу жалғастырылуда. Судыӊ көтерілу қаупі жоқ.

ТЖ комитетініӊ аумақтық бөлімшелердіӊ, Республикалық жедел-құтқару жасақтарыныӊ, Апаттар медицинасы орталығыныӊ, "Қазселденқорғау" ММ, "Қазавиақұтқару" АҚ, ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ, қалалық қызметтердіӊ күштері мен құралдары жалпы саны 1687 адам мен 361 бірлік техника жою жұмыстарын жалғастыруда.

ҚР ІІМ ТЖК

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны