21.12.2017, 21:45 4792

Алматы қаласыныӊ Жетісу ауданында 5 жекеменшік балабақша салынды

Аудан басшысыныӊ мәліметінше, "Атамекен" бағдарламасыныӊаясында 108 830 000 теӊге сома көлемінде 5 жекеменшік балабақша, 2 000 000 теӊге сомасына 3 шағын орталық салу бойынша жобалар іске асырылды. 2017 жылға мектепке дейін тәрбие беру ұйымдарыныӊ ашылуына кеткен қаражат 110 830 000 теӊге болды.

Алматы. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жетісу ауданында 5 жекеменшік балабақша салынды. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісу ауданыныӊ әкімі М. Тәжібаев айтты.

Аудан басшысыныӊ мәліметінше, "Атамекен" бағдарламасыныӊаясында 108 830 000 теӊге сома көлемінде 5 жекеменшік балабақша, 2 000 000 теӊге сомасына 3 шағын орталық салу бойынша жобалар іске асырылды. 2017 жылға мектепке дейін тәрбие беру ұйымдарыныӊ ашылуына кеткен қаражат 110 830 000 теӊге болды.

50 млн.теӊге сомасына хауызы бар 1 спорттық кешені, 3 647 240 сомасына Сүйінбай даӊғ., 157В мекенжайы бойынша 1 тұрғын үйдін қасбеті жөндеуден өтті.

Сонымен қатар аудан басшысы, "Жомарт жүрек" бағдарламасын іске асыру аясында түрлі шаралар өткенін атап өтті. Тұрғындарды жан-жақты әлеуметтік қорғауға бағытталған қайырымдылық акциялар, іс-шаралар, саяхаттар ұйымдастырылды. Жеӊіс күні мерекесініӊ қарсаӊында "Сулпак", "Технодом", "Комфорт", "Максима" сауда үйлерінен ҰО-ныӊ 32 ардагеріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды. "Магнум" және "Реалист" супермаркеттерінен тыл майданы ардагерлеріне азық-түлік берілді.Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлері "Мектепке жол" акциясына белсене қатысты, көпбалалы және аз қамтылған отбасыныӊ 1200 баласы мектеп формалары мен оқушы сөмкелерін сыйға алды.150 ардагер мен зейнеткерлер және мүмкіндіктері шектеулі 50 бала Тұӊғыш Президент Паркін, "Сұнқар" шаӊғы трамплин кешенін, Алматы қалалық мұражайы, Абай атындағы мемлекеттік опера және театрын, ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайын, Панфилов көшесіндегі жаяу жүргінші жолын аралады, 58 мүгедек бала өз ата-аналарымен "Немо" дельфинарийіне барды, аудан мектептерініӊ 100 оқушысы күзгі демалыс уакытында "Медеу" мұз айдынында конькимен сырғанады, - деп хабарлады аудан әкімі М.Тәжібаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны