02.10.2018, 17:12 6490

Алматы кардиологтары әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарттарға арнап қайырымдылық шарасын өткізді

Кардиологтар Алматыныӊ 7-ші Мамыр ықшамауданында орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі №3 орталыққа келді.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қалалық кардиология орталығыныӊ қызметкерлері бүкіләлемдік жүрек күніне және Халықаралық қарттар күніне орай ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде өткізілді.

"Халықаралық қарттар күні - ата-аналарымызды, аталарымыз бен әжелерімізді айрықша назарға алатын жарқын да мерейлі мереке. Бұл қазіргі қоғамдағы қарт адамдардыӊ көптеген проблемаларына назар аударуға мүмкіндік беретін аса маӊызды мерекелердіӊ бірі. Біз тұтастай алғанда қоғамымыздағы қартаюға қатысты демографиялық проблемаға ғана емес, сонымен бірге, қарттарымыздыӊ сұранысына қатысты мәселелерді де ұмытпауымыз керек",- дейді қалалық кардиология орталығыныӊ қызметкерлері.

Кардиологтар Алматыныӊ 7-ші Мамыр ықшамауданында орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі №3 орталыққа келді.

Науқан қан айналысы жүйесініӊ ауруларыныӊ алдын ерте алуға бағытталды.

Осы орайда айта кетейік, қалалық кардиология орталығыныӊ қызметкерлері аталған әлеуметтік мекемеде осымен үш жылдан бері жыл сайын осындай қайырымдылық шарасын өткізіп келеді.

Орталықтыӊ тәжірибелі қызметкерлері орталықтағы 60 адамға электрокардиографиялық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде барлығына тиісті нұсқаулар мен кеӊестер берілді.

Алматыныӊ қарт тұрғындары денсаулықтары үшін алаӊдаушылық танытылғаны үшін өз ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі күні Алматы қалалық кардиологиялық орталық - еӊ қажетті кардиохирургиялық орталық болып табылады. Орталық соӊғы бірегей медициналық құралдармен жабдықталған, қазіргі заманғы диагностика, емдеу және науқастарды сауықтыру саласында озық тәжірибесі бар және жаӊа әдістерді меӊгерген жоғары санатты мамандар жұмыс істейді.

Орталық Еуропаныӊ және Азияныӊ медициналық клиникаларымен тығыз байланыста, Оӊтүстік Кореядағы клиникалар мен университеттер мен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасаған. Кардиохирургияныӊ 2013-2017 жылдарға арналған үрдісін қадағалаудыӊ арқасында ота жасаудыӊ саны артуда, ал асқыну және отадан кейінгі өлім саны азған. 2017 жылдыӊ өзінде жүрекке 600-ден астам операция жасалыпты. Орталықта рентгендік ота жасау қызметін атқаратын жаӊа технология Philips Allura (Нидерланды) ангиографиялық құрылғысы бар. Сонымен қатар, дәрігерлер клиникада ашық жүрек хирургиясындағы қолданатын жаӊа әдіс-гибридтік операцияларды да игерген.

28 қыркүйек - бүкіләлемдік жүрек күні. Бұл атаулы күн 2001 жылдан бері аталып келеді. Мақсаты - халықты жүрек дерті жайлы ақпараттандырып, алдын алу және емделу жолын түсіндіру.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны