09.10.2018, 17:17 7627

Алматы көшелерін мүсіндер мен шағын архитектуралық пішіндердіӊ PARK FEST халықаралық фестивалі шеӊберіндегі бірегей инсталляциялар безендіруде

Мәселен, Абай және Достық даӊғылдарыныӊ қиылысында жаӊа арт-объект пайда болып, мұнда Алматы апорты толтыра тиелген ретромобиль жайғасты. Бұл композицияны Жас суретшілер орталығыныӊ шығармашылық тобы жасап шығарды.

Алматы. 9 қазан. Kazakhstan Today - Алматы көшелерін Қала күнін мерекелеу аясында өтіп жатқан Мүсіндер мен шағын архитектуралық пішіндердіӊ PARK FEST халықаралық фестивалі шеӊберіндегі бірегей инсталляциялар безендіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вечерний Алматы" газетіне сілтеме жасап.

Мәселен, Абай және Достық даӊғылдарыныӊ қиылысында жаӊа арт-объект пайда болып, мұнда Алматы апорты толтыра тиелген ретромобиль жайғасты. Бұл композицияны Жас суретшілер орталығыныӊ шығармашылық тобы жасап шығарды. Бұған қоса Назарбаев даӊғылы мен Қарасай батыр көшелерініӊ қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған сквердіӊ шығыс жағында ескі автокөліктердіӊ құрамдас бөлшектерінен құрастырылған темір Алдар Көсе пайда болды. Бұл мүсінніӊ авторы - суртші, мүсінші, график, ҚР Суретшілер академиясыныӊ академигі, ҚР Суретшілер одағыныӊ мүшесі Руслан Ақанаев. Осы нысанға жақын жерде, жолдыӊ қарсы бетінде, Назарбаев даӊғылыныӊ бойында, Теміржол басқармасыныӊ жанында құпия сырлы алып куб пайда болды. Жоба авторы - график, суретші, ҚР Суретшілер одағыныӊ мүшесі, Қазақстан Республикасыныӊ мәдениетіне еӊбегі сіӊген қайраткер, республикалық және халықаралық көрмелердіӊ лауреаты Абдуахат Мұратбаев. Ландшафтық шырағдан-куб пішініндегі декоративтік композиция ұлттық ою-өрнек пен жаӊаша пішімді пайдалану арқылы онымен дәстүрді ұштастыру идеясыныӊ арқасында эстетикалық ауан қалыптастыра алады.

PARK FEST фестивалін ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, орнатылған арт-объектілер түрлі жастағы қала тұрғындарын, қатары жылдан-жылға өсіп келе жатқан Қазақстанға келуші туристер мен қонақтардыӊ ынтасын тарту орнына айнала алады. Олар позитивті визуалдық ассоциация тудырады, активті композициялық құрал болып табылады және эмоциялық әрі үйлесімде қала ортасын қалыптастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны