28.02.2008, 15:04 24521

Алматы маңындағы Сорбұлақ сарқынды су қоймасына байланысты шұғыл түрде шараларды қолға алу керек - "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы

Алматы маңындағы Сорбұлақ сарқынды су қоймасына байланысты шұғыл түрде шараларды қолға алу керек - "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы

Алматы. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы маңындағы жиналған Сорбұлақ сарқынды суға байланысты шұғыл түрде шараларды қолға алу керек деген пікірді "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов білдірді деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің 10 жыл бұрын болжамдап айтқандарымыздың бәрі расталды. Енді әлі кеш болмай тұрып, қауіп төнбей тұрғанды шұғыл түрде шараларды қолға алу керек ", - деді М. Елеусізов.

Оның сөздері бойынша, 1988 жылы Жаманқұм көлінде болған су апатының қайталанбауы үшін "Табиғат" кешенді жобаларды дайындады. Оның пікірінше Сорбұлақ бөгені шайылып кеткен жағдайда 50 мың тұрғыны бар Балхаш, Іле аудандарының жерлері судың астында қалады.

М. Елеусізовтың айтуынша, су тасқыны әрең тұрған бөгеннің жарылуынан, көлде су деңгейінің көтерілуінен, жер сілкінісінен туындауы мүмкін.

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов журналистерге хабарлағанындай, мұндай мәселе Ақтау маңында Қошқарата қалдық сақтайтын қоймасы, Астана деңгейінен жоғары жатқан Талдыкөл көліне де қатысы бар.

"Бұл мәселені шешетін бірыңғай механизмді дайындағымыз келеді. Қазір мемлекеттің үш жылдық бюджеті құрылып жатыр, осы мәселелерді шешу үшін оның қаржыландыруы осы бюджетте қарастырылады деген сенімдеміз", - деді министр.

Іле ауданында Алматының солтүстік батысында сарқынды сулардың су қоймасы Сорбұлақ 1972 жылдан бері пайдаланылып келеді. Қоймадағы суларды бөлу үшін 1991 жылы 50 млн текше метр су көлемін сыйдыра алатын шағын бес тоған қоймасы мен Іле өзеніне шығарылатын арна салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны