10.04.2013, 11:06 3564

Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында таулы аймақтарда қыр басында (биіктігі 2200 метрден асатын жерлерде) қалың қардың жиналуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, оған сәйкес 11-30 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Алматы. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысында таулы аймақтарда қыр басында (биіктігі 2200 метрден асатын жерлерде) қалың қардың жиналуына байланысты дабылды ескерту жарияланды, оған сәйкес 11-30 сәуір аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Күн қатты ысып немесе жауын-шашын жауған жағдайда қар көшкіні жүру қаупі арта түседі. Осы уақыт аралығында аталған аймақтарда спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу адам өміріне қауіпті екендігін ескертеді қалалық құтқарушылар.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен туристерді әсіресе таулы аймақтарда жеке қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны