07.07.2015, 10:37 3598

Алматы Марафоны "Жазғы жүгіруге" шақырады

Орталық Азиядағы еӊ ірі марафоныныӊ ұйымдастырушылары демалыстар кезеӊі - шынығуды тоқтадудыӊ амалы емес екеніне сенімді! 2015 жылдыӊ 18 шілдесінде Алматы Марафоныныӊ ұйымдастыру комитеті барлықтарыӊызды Баум шоқтоғайында өтетін кезекті аралық жүгіруге шақырады

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Орталық Азиядағы еӊ ірі марафоныныӊ ұйымдастырушылары демалыстар кезеӊі - шынығуды тоқтадудыӊ амалы емес екеніне сенімді! 2015 жылдыӊ 18 шілдесінде Алматы Марафоныныӊ ұйымдастыру комитеті барлықтарыӊызды Баум шоқтоғайында өтетін кезекті аралық жүгіруге шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы Марафоныныӊ алдыӊғы аралық жүгірулері Ботаникалық бақ пен Тұӊғыш Президент Саябағында өткізілген. Бұл жолы Баум шоқтоғайына таӊдау бекер түспеді, саябақтыӊ көлеӊкелі аллеялары жүгірушілерді жаздыӊ аптап ыстығынан қорғай алады. Сонымен қатар, қатысушыларды асфальт жолымен мен қара жол араласқан қызықты тас жолы күтіп тұр.

Жүгіру әуесқойларына екі қашықтық ұсынылады: 10-14 жас аралығындағы жас спортшылар үшін - 3 км, 15 жастан жоғары жүгірушілерге - 15 км. 15 км қашықтықтағы жарыс жас санатына қарай шоғырланған үш топта өтпек: 15-34, 35-49 және 50 жастан жоғары.

Ир санаттағы бірінші үш орынды иеленген жүгірушілер Алматы Марафонынан мақтау қағаздарына, медальдерге және бағалы сыйлықтарға ие болады.

- Бұл аралық жүгіруді үшінші рет өткізгелі отырмыз. Сәуір айында өткен IV Алматы Марафоны қаламыздағы жүгіру әуесқойлары жылдан жылға шамамен екі есеге өсіп келе жатқанын көрсетеді. Мыӊдаған адамдар салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырып келе жатыр, сондықтан кез-келген мезгіл мен ауа-райында жүгірулерді ұйымдастырудыӊ жөні бар. Бұрын аралық жүгірулерде 2 км және 10 км қашықтықтарын ұсынған едік. Бірақ IV Алматы Марафонынан кейін көптеген атлеттер қашықтықты ұзартуды сұрады. Қатысушыларымыздыӊ саны көбеюде! Сондықтан осы жолы 3 км және 15 км қашықтықтарын ұсынып отырмыз. Барлықтарыӊызды стартқа шақырамыз! Осы жазды салауатты рухта өткізейік! - дейді Алматы Марафоныныӊ ұйымдастыру комитетініӊ өкілі Салтанат Қазыбаева.

Бұл спорт шарасына қатысу үшін тіркелу формасын толтырып, бастапқы жарнаны төлеп, қатысушы пакетін алу керек.

Толығырақ ақпаратты http://марафон.kz сайтынан немесе Алматы Марафоныныӊ әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан біле аласыздар. Бастапқы жарна сомасы 800 теӊге, 10-14 жас аралығындағы балаларға қатысу тегін.

Жүгіруге тіркелу 2015 жылдыӊ 7 шілдесінен басталып, қатысушылар саны 500 адамға жеткенде аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны