02.07.2008, 19:34 2873

Алматы мәслихатының депутаттары құрамына 14 ауыл кіретін жаңа әкімшілік аудан құруға дауыс берді

Алматы мәслихатының депутаттары құрамына 14 ауыл кіретін жаңа әкімшілік аудан құруға дауыс берді

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы мәслихатының депутаттары құрамына 14 ауыл кіретін жаңа әкімшілік аудан құруға дауыс берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы әкімінің баспасөз хатшысы Сергей Куяновқа сілтеме жасап.

"Икім депутаттарға аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелері: баспанамен қамтамасыз ету және тіркеуге тұру секілді мәселелері қалай шешілетінін әңгімелеп берді", - деді С.Куянов.

Бүгінгі күнге дейін аталған ауылдардың тұрғындары заң жүзінде Алматы тұрғындары болып саналмай келгені белгілі. "Бұл медициналық қызмет көрсетуден бастап, тұрып жатқан жерінде зейнетақысын ала алмауға дейінгі көптеген тауқыметтер туғызып келген. Енді бәрі де жеңілдетілген тәртіппен рәсімделеді. Икім жаңа аудан құрылуға байланысты құжаттарды алмастыруға қатысты ешбір қиындық тумайды деді. Бұл мәселелер біртіндеп шешіледі. Егер адам қандайбір құжат алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінетін болса, оған үй кітаптары мен басқа да құжаттарын ауыстырып береді", -деді баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, "аумағы жағынан бұл қаладағы ең үлкен аудан болмақ. Сөйтіп, бұған дейін мәселелері осы ауылдарға келіп тұйыққа тіреле беретін Алматының даму мәселесі де шешімін табады. Қазір ауылдар жаңа ауданның құрамына кіргендіктен, инвестициялық бағдарламалар мен басқа да мәселелерді қозғауға болады".

С. Куяновтың айтуынша, дәл қазір ауданның атауына қатысты дауыс берілуде.

Жаңа әкімшілік ауданның құрамына қала іргесіне қосылған 14 кент біріктірілді.

Аудан халқы 150 мың адамға жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны