26.09.2018, 15:24 5685

Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде

Ерлік сабағыныӊ басты мақсаты - еліміз азаматтарын ерлікке, отансүйгіштікке, елін құрметтей білуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Кездесу барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға өсиет сөздерін жеткізді.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарында қыркүйектіӊ соӊына дейін Алматы қаласы бойынша барлық мектептерде патриоттық және ерлік, бейбітшілік пен келісімді ұлықтау сабақтары өткізіледі.

Сабақты өткізуге Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарыныӊ офицерлері мен сержанттары, оныӊ ішінде, ҚР Қарулы Күштерініӊ ардагерлері қатысады.

Сондай-ақ, салтанатты шара қонақ шақырылумен, әскери әуенніӊ шырқалуымен Алатау ауданы мектептерініӊ бірінде өткізіліп үлгерді. Аталған шараға Алатау ауданыныӊ Қорғаныс істері жөніндегі басқармасыныӊ әскери қызметшілерініӊ ұйымдастырумен өтті. Мектеп оқушылары әскери қызметшілерге көкейде жүрген қызықты сауалдарын қойды және олар да болашақ та Отанын қорғайтын әскери қызметші болғысы келетіндерін айтты.

"Өскелеӊ ұрпақтыӊ Отанға деген патриоттық сезімін арттыру маӊызды деп ойлаймын. Патриоттық сезім бастауыш сыныптан басталуы тиіс Қазақстанныӊ әрбір азаматы жасына қарамай борыш, абырой, жауапкершілік туралы қасиетті білуі қажет", - деді Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығыныӊ орынбасары майор Рамиль Рахимжанов.

Ерлік сабағыныӊ басты мақсаты - еліміз азаматтарын ерлікке, отансүйгіштікке, елін құрметтей білуге, патриоттық рухқа тәрбиелеу. Кездесу барысында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға өсиет сөздерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны