14.02.2007, 15:15 2909

Алматы мектептерінде кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі штаттағы инспектор лауазымы енгізілмекші

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Алматы мектептерінде кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі штаттағы инспектор лауазымы енгізілмекші. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін Алматыда қолайсыздық жиі туындайтын 25 мектепте учаскелік инспектор лауазымы енгізілген болатын. "Аталмыш сынақ нәтижесінде осы мектептерде ахуалды біршама тұрақтандыруға жағдай жасалды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Қызметкерлер оқушылармен, ұстаздар ұжымымен және ата-аналармен тікелей жұмыс істейтін болады", деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі инспекциясының төрайымы, полиция полковнигі Айгүл Шөпшекбаева.

А.Шөпшекбаеваның айтуынша, қазір мектеп инспекторы қызметінен үміткерлер жасөспірімдермен жұмыс тәжірибесі барлардың арасынан іріктелуде. "Болашақ учаске инспекторының жоғары заңгерлік немесе педагогикалық білімі болуға тиіс", деді А.Шөпшекбаева.

Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, Алматыда барлығы кәмелеттік жасқа жетпеген 315 676 бала тұрады, бұл еліміз бойынша жалпы көрсеткіштің 19 процентіне тең. "Учаскелік инспектор ретінде штатқа 66 адам алынады. Орта есеппен алғанда бір учаске инспекторына кәмелеттік жасқа жетпеген 5-6 баладан келмек. Көп жылдық тәжірибеге сәйкес, бір тәртіп сақшысына жүктелетін ауыртпалық 18 жасқа дейінгі 4 мың жасөспірімнен аспауға тиіс",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тек 2006-жылы кәмелеттік жасқа жетпегендер 1 кісі өлтіру, 21 қарақшылық шабуыл, 69 тонаушылық қылмыстарын жасаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны