29.05.2017, 16:16 3974

Алматы мектептерініӊ 7804 түлегі үшін "Соӊғы қоӊырау" соғылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаӊырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н. И. Назарбаев ашқан №169 мектептіӊ салтанатты жиынында болды.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаӊырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н. И. Назарбаев ашқан №169 мектептіӊ салтанатты жиынында болды.

Оқу жылыныӊ аяқтаулымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата- аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соӊғы бес жыл ішінде бес жаӊа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысыныӊ басталғанын айтты.

"Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.И.Назарбае еӊ басты капитал адам екендігін үнемі айтады, бюджеттіӊ басым бөлігі білім беру саласына жұмсалады. Биыл Алматыныӊ барлық мектептерін линогофонды кабинеттермен қамтамсыз етуге қаржы аударылды. Физика, биология, химия кабинеттері қажетті заттармен 100 пайыз қамтамасыз етілді, қаланыӊ барлық мектпетерінде кеӊжолақты интернет қолжетімді болады. Мен түлектрдіӊ емтихан сындарынан сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Емтихан - балалар үшін де, олардыӊ ата- аналары үшін де ауыр сынақ, бірақ мұғалімдер берген сапалы білім мен өнегелі тәрбиеніӊ арқасында жас түлектердіӊ биік межелерге жететініне сенімдімін", - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі оқу процессімен қатар оқушылардыӊ жазғы демалыстарын ұтымды ұйымдастыру қажеттігін де атап көрсетті. Жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар лагерьлері жұмыс істейтін болады.

Жалпы, алматылық мектеп оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадалар мен түрлі ғылыми - жобалық конкурстарда жүделі орындарды иеленіп келеді. Биылғы жылы Алматы мектептерініӊ 78054 түлегі үшін "соӊғы қоӊырау" соғылды,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны