06.04.2007, 17:54 3766

Алматы мен Алматы облысының тау өзендерінде тасқын болады деп күтілуде - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Алдағы тәуліктерде Алматы мен Алматы облысының тау өзендерінде тасқын болады деп күтілуде. "Қазгидромет" РМК бүгін осы жөнінде ескерту жасады.

"Алдағы тәуліктерде және 7-сәуірде болатын қатты нөсерге байланысты Алматы мен Алматы облысының тау өзендерінде тасқын болады деп күтілуде",- делінген хабарламада.

Мамандар сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында да тасқын болуы мүмкіндігін ескертеді.

Сонымен қатар хабарламада атап көрсетілгеніндей, "сәуірдің 6 мен 9 аралығында жылымыққа және жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан облысында сең жүреді деп күтілуде". "Сеңдердің бөгелісі туындап, су деңгейі шұғыл көтерілуі мүмкін. Оба, Ульба, Бұқтырма, Тургусун және Күршім өзендерінің арнасына айрықша назар аудару қажет",- дейді күн райын бақылаушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны