06.04.2007, 12:52 3324

Алматы мен Алматы облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар - Қазгидромет

АЛМАТЫ. 6-сәуір. Kazakhstan Today. алдағы күндерде Алматы мен Алматы облысының таулы аудандарында көшкін түсу қаупі бар. "Қазгидромет" РМК осы жөнінде бүгін ескерту жариялады.

"Күн жылына түсуге байланысты Алматы мен Алматы облысының таулы аудандарында 2000 метрден жоғары жерлерде сәуірдің 6 мен 9 аралығында көшкін түсу қаупі бар",- делінген хабарламада.

Сонымен бірге мамандар осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында да көшкін түсу қаупі бар екенін ескертеді.

Осыған байланысты тұрғындарға сәуірдің 6 мен 9 аралығында тауларға жасалатын сапарлар мен жорықтардан бас тартуға нұсқау береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны