27.03.2007, 14:17 3383

Алматы мен Астана әуежайларын сертификаттау жөніндегі келісімнің жобасы жасалды

АСТАНА. 27-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада ТМД Мемлекетаралық авиация комитеті мен ҚР көлік және коммуникация министрлігі Алматы мен Астана әуежайларын сертификаттау жөніндегі келісімнің жобасы жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл келісім Астана мен Алматы әуежайларына 3-ші санат тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл әуежайлардың қолайсыз ауа-райында да әуе кемелерін қабылдауға жол ашады",- деп хабарлайды министрлік. "Астана қалалық әуежайына қаытсты жұмыстар аяқталып келеді",- деді ТМД мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Татьяна Анодина.

"Біз Қазақстан авиаторларының іс-қызметін жоғары бағалаймыз",- деді ол.

Т.Анодина сонымен қатар Астанада мемлекетаралық авиация комитетінің Орталық Азия бойынша арнайы өкілдігі ашылғанын хабарлады.

Мемлекетаралық авиация комитетін үкімет басшылары "Азаматтық авиация туралы және әуе кеңістігін пайдалану туралы" мемлекетаралық келісімнің негізінде 1991-жылдың желтоқсанында құрған. Оған Изербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны