06.02.2017, 18:51 4287

Алматы мен Лэйк-Плэсид Универсиаданыӊ бауырлас қалалары атанды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тан келген делегациямен кездесті. Кездесу барысында қысқы Универсиаданыӊ бауырлас қалалары ретінде Алматы мен Лэйк-Плэсид арасында Достық туралы Хаттамаға қол қойылды

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек АҚШ-тан келген делегациямен кездесті. Кездесу барысында қысқы Универсиаданыӊ бауырлас қалалары ретінде Алматы мен Лэйк-Плэсид арасында Достық туралы Хаттамаға қол қойылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

Алматы әкімі өзініӊ сөзінде FISU Универсиада қалалары арасында халықаралық ассоциация құруды жоспарлағанын, сондықтан бүгінгі Хаттама осы бағыттағы маӊызды қадам болып табылатынын атап өтті.

"Биылғы Универсиадаға қатысушылар саны жакғынан рекродтық көрсеткішке жетті, жарыстардыӊ битлеттері түгел сатылып кеткен. Халықаралық алқалы жарыстыӊ елімізде өтуі арқасында біздіӊ жакстарымыз бүкіл әлемнен келген студенттермен жүздесті, танысты, өздерініӊ мәлениеттерін байытты.АҚШ ежелден өзініӊ спорттық дәстүрімен танымал, сондықтан спорттық туризмді дамыту барысында бізге Лэйк-Плэсидтіӊ тәжірибесі өте маӊызды", - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Лэйк-Плэсид мэхрі Крэйг Рэндалл Қазақстанға алғаш рет келгендігін, аз ғана уақыт ішінде еліміздіӊ айтулы жетістіктерге жеткеніне таӊданыс білдіретінін айты.

"Біз Алматыныӊ көрнекі жерілерімен, көз тартар табиғатымен танысып үлгердік, биік таулар ерекше әсер етті. Универсиада Олимипиада ойындары сияқты өте жоғары деӊгейде ұйымдастырылған. Сіздер тамаша спорт нысандарын салыпсыздар. Мысалы, сонау 30-шы жылдары Олимпиадаға салынған Лэйк-Плэсидегі нысандар әлі де жұмыс істеп тұр. Жастар өз үйлерініӊ терезелерінен ұлттық құрама атлеттерініӊ қалай жаттығып жатқандарын көріп, спортқа деген құлшыныстарын арттыруда. Уақыт бұл инвестицияныӊ дұрыс екендігін көрсетті. The New York Times Қазақстанды 2017 жылғы туристік бағыттар тізіміне енгізгені қуантады, бұл Қазақстан басшылығыныӊ туризмді дамытуда орасан жұмыстар жүргізіп жатқандығын көрсетеді ", - деп атап өтті К.Рэндалл.

Нью-Йорк штатыныӊ сенаторы Элизабет Литтл Универсиад а арқасында Алматыға келгенін қуана айтты.

"Мен алмалы округтіӊ өкілімін, бірақ біздіӊ алмалар "Көк базарда" дәмін тақан алматылық алмаға теӊ келмейді. Алматы елдіӊ қаржы орталығы болғанымен, қалада саябақтардыӊ, демалыс аймақтарыныӊ көп екендігін, адамдардыӊ спортпен шұғылдануға құштарлығын байқадым ", - деді сенатор.

Кездесу барысында туризмді тұрақты дамыту жөніндегі өӊірлік офистіӊ бас директоры Джеймс Маккенна мультипликативті әсердіӊ спорттық туризм дамытуға ықпалы мол екенін айтты..

"Сіздер географиялық жағынан өте жақсы жерге орналасқансыздар, осы бағытта алға жылжу қажет. Спортқа инвесииция қаншалықты көп бөлінсе, әлем де жақсара түседі, өйткені, спорттыӊ адамдарға берері мол", - деді ол өзініӊ сөзінде.

Американыӊ Лэйк-Плэсид қаласы - 1932 және 1980 жылдарғы Олипиаданыӊ, FISU 1972 жылы өткізген әрі 23 елдіӊ 500 спортшысы 27 спорт түрі бойынша сайысқан қысқы Универсиаданыӊ астанасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны