04.07.2013, 14:52 3648

Алматы метро стансаларында орындықтар орнатыла бастады

Қазір Абай стансасында 3 орындық орнатылды. Қалған стансаларға қойылатын орындықтар өндіріс орнында дайындалып жатыр. Жалпы саны 21 орындық шығарылып "Абай", "Байқоныр", "Иуэзов атындағы драма театр", "Жібек жолы", "Алмалы" стансаларының әрқайсысына 3 орындықтан және "Алатау" стансасына 6 орындық орнатылады.

Астана. 4-шілде. Kazakhstan Today - Алматы метро стансаларында орындықтар орнатыла бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазір Абай стансасында 3 орындық орнатылды. Қалған стансаларға қойылатын орындықтар өндіріс орнында дайындалып жатыр. Жалпы саны 21 орындық шығарылып "Абай", "Байқоныр", "Иуэзов атындағы драма театр", "Жібек жолы", "Алмалы" стансаларының әрқайсысына 3 орындықтан және "Алатау" стансасына 6 орындық орнатылады.

"Орындықтың дизайны лаңкестіктен қорғау нормаларының талаптарына сәйкес жасалды. Материалдың түсі әрбір стансаның түсіне үйлесімді етіп таңдалған", - дейді компания өкілі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 1 миллионыншы жолаушы метроға 2012 жылдың 18 қаңтарында келген болатын, ол 27 жасар Иділжан Псяев. Ал 10 миллионыншы жолаушы биылғы жылы шілде айында келеді деп болжанған. Алматы жерасты желісінің бірінші кезегі 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. Оның ең бірінші жолаушысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Дәл сол күні метро қала тұрғындарына пайдалануға берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны