01.12.2012, 13:37 3518

Алматы метросы 1 жылдық мерейтойын атап өтуде

Соған орай бүгін жер асты жолында 2 мыңдай адамның қатысуымен арнайы шара ұйымдастырылды. Жалпы осы бір жыл ішінде метрополитен 6 млн жолаушыға қызмет көрсеткен екен. Келер жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда көбейері анық. Өйткені жер асты көлігінің қосымша екі станциясының құрылысы аяқталғалы отыр.

Алматы. 1-қараша. Kazakhstan Today - Алматы метросы 1 жылдық мерейтойын атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Соған орай бүгін жер асты жолында 2 мыңдай адамның қатысуымен арнайы шара ұйымдастырылды. Жалпы осы бір жыл ішінде метрополитен 6 млн жолаушыға қызмет көрсеткен екен. Келер жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда көбейері анық. Өйткені жер асты көлігінің қосымша екі станциясының құрылысы аяқталғалы отыр.

Халық саны 1 миллионнан асып жығылған кез келген Кеңес Одағындағы қалада метро салу жұмысы атқарылып келген. 80-жылдары Минск, Киев тіпті Ташкентте тиісті жұмыстар аяқталса, Алматыдағы құрылыс сол кезде басталғанымен 20 жылға созылып, былтыр ғана қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта 20 мыңға жуық алматылық күнделікті жер асты қоғамдық көлігін пайдалануды әдетке айналдырған.

1-ші желтоқсанда 1 жылдық мерейтойын атап өтетін метрода бүгін арнайы шара өткізілді. 2 мыңнан астам студент пен оқушы қол жеткізген жетістікті еліміздің әнұранын орындау арқылы танытуды мақсат еткен, деп хабарлайды КТК телеарнасынан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны