26.05.2015, 18:09 3904

Алматы метросымен 23 млн астам жолаушы жүрген

2015 жылғы сәуірде Алматыда метрополитенніӊ "Сайран" және "Мәскеу" деген жаӊа стансалары іске қосылған болатын. Бір айда метромен тәулігіне 38 мыӊға жуық жолаушы жүрген

Алматы. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - 2015 жылғы сәуірде Алматыда метрополитенніӊ "Сайран" және "Мәскеу" деген жаӊа стансалары іске қосылған болатын. Бір айда метромен тәулігіне 38 мыӊға жуық жолаушы жүрген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі. 2011 жылдан бастап метроны 23 млн адам пайдаланған.

"Метроныӊ тоғыз стансасы пайдалануға берілген бір айда тәуліктік жолаушылар ағымы орташа алғанда тәулігіне 38 мыӊ адамды құрады. Екі жаӊа станса іске қосылған күннен бастап жолаушылар саны бірнеше есеге артты. Мысалы, 2012 жылы метрополинмен тәулігіне 15-16 мыӊ адам жүрсе, 2014 жылы 21-22 мыӊ адам жүрген", - деді "Метрополитен" КМК баспасөз хатшысы Айгүл Ешмағамбетова, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны