01.07.2018, 16:35 8373

Алматы метросындағы флэшмоб немесе Құрманғазы атындағы оркестр "Ұлттық домбыра күнін" мерекелеуді бастап кетті

Іс-шараныӊ мақсаты - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінде алғаш рет өткізгелі отырған "Ұлттық домбыра күні" мерекесін насихаттау.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan Today - Алғаш рет Алматы метрополитенініӊ "Мұхтар Иуезов театры" бекетінде домбыра үні шарықтады. 26 маусымда, Ұлттық домбыра күні қарсаӊында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі "Метро дауысы - күй әуенімен" флэшмобын өткізді.

Шаттанған қауым болып жатқан кереметке үлкен қызығушылық тудырып, ыстық ықыластарын білдірді, күтпеген жерден орын алған флэшмобқа шын ниетті қуанышын жасыра алмады. Іс-шараныӊ мақсаты - Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ бастамасымен ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесінде алғаш рет өткізгелі отырған "Ұлттық домбыра күні" мерекесін насихаттау. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі де қазақтыӊ ұлттық аспабы - домбыраны дәріптеп, мәдени, ұлттық бірлікті нығайтуды мақсат етуде.

"Құрманғазы атындағы оркестрдіӊ барша ұжымы атынан Елбасымызға алғыс айтамыз. Күй мерекесі - барша домбырашылар мен өнерпаздар үшін үлкен серпіліс болмақ. "Ұлттық домбыра күнінде" Құрманғазы атындағы оркестр өзініӊ ауқымды шараларын қолға алып отыр. Солардыӊ ішіндегі еӊ бастысы - Қазақ елі алаӊында өтетін "Домбыра - асыл мұра" атты үлкен концерттік іс-шара. Алматы метрополитенінде Құрманғазы оркестрініӊ домбырашылары Құрманғазыныӊ "Адай", "Балбырауын", "Сарыарқа", "Ақсақ киік", Дәулеткерейдіӊ "Көроғлы", "Қос алқа", "Жігер" "Топан" күйлерін орындады. Ал 1 шілде күні Қазақ елі алаӊында өтетін күй шеруде аталған шығармаларды 3 000 өнерпаздыӊ орындауында тыӊдай аласыздар", - деп атап өтті Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, Құрманғазы атындағы оркестр директоры Нұрғиса Дәуешов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны