05.09.2006, 14:28 3152

Алматы метросының бірінші кезегі 2009-жылдың басында пайдалануға беріледі - қала әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы метросының бірінші кезегі 2009-жылдың басында пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бүгін кәсіпкерлермен кездесуде құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алматы метросының бірінші кезегі 2009-жылдың басында пайдалануға беріледі",- деді С.Сейдуманов. "Еліміз мтеро құрылысшылары жұмысты 2008-жылдың аяғына дейін аяқтауы үшін қажет қаржыны бөле алады, бірақ , олар оны игере алмай отыр",- деді ол. "Бөлінген қаржы нақты игерілуге және соның арқасында 2009-жылдың басында метро пайдалануға берілуге тиіс",- деді ол. Оның айтуынша, метро құрылысының өзге кезектері де міндетті түрде жалғасады.

Сонымен бірге С.Сейдумановтың хабарлауынша, қалалық кеңес метроны дамытудың алғашқы тұжырымдамасын қарап, оны мақұлдамай тастады. "Біз онымен үзілді-кесілді келісе алмадық. Метроның бірде-бір кіреберіс бөліктері мақұлданбады, жер асты құрылыстарының дизайны мен өңделуіне де салмақты сын айтылды",- деді ол. Қала басшысы орынбасарының айтуынша, "метро станцияларының кейбір атаулары да көңілден шықпады". "Метро станцияларының атауы әсемдігімен бірге жергілікті жермен сабақтас болуға тиіс. Мәселен, станцияның "Тұлпар" деген атауына қарап ешкім де оның қай жерде екенін айта алмайды. Ал егер оны "Иуезов театры" деп атасақ, бәрі қай жерде жүргенін білер еді. Сол себепті бірқатар атаулар өзгертілетін шығар",- деді С.Сейдуманов.

"Қаламыз көркем әрі қызықты. Бірақ, басқа ұлы шаҺарлармен салыстырғанда қаламызда ауыз толтырып айтарлықтай бірегей ғимараттар жоқ. Сондықтан да біздің метромыз Мәскеудегі сияқты қаланың көркін аша түсетін нысан болуға тиіс. Ол Лондон мен Нью-Йорктағы сияқты жай бір сүреңсіз жер асты жолына айналуға тиіс емес",- деді қала әкімінің орынбасары.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 7-қарашасында Алматыда салынып жатқан метро құрылысында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ме тро құрылысының бірінші кезегі 2006-2007-жылдарда пайдалануға берілуге тиіс, деген мерзім белгілеген. Еліміздің 2006-2008-жылдарға есептелген орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, республикалық бюджеттен метро құрылысын салуға 2006 және 2007-жылдарда 18 млрд. теңгеден, ал 2008-жылы 36 млрд. теңге бөлінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны