31.08.2012, 16:21 7137

Алматы метросының екінші кезеңінің құрылысы кесте бойынша жүргізілуде

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жұмыс сапары кезінде метрополитеннің екінші кезектегі "Сайран" және "Мәскеу" станцияларының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Алматы. 31-тамыз. Kazakhstan Today - Алматы метросының екінші кезеңінің құрылысы кесте бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жұмыс сапары кезінде метрополитеннің екінші кезектегі "Сайран" және "Мәскеу" станцияларының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Ахметжан Есімов метро құрылысына жауапты адамдар станция жоспарланған уақытта қолданысқа берілуі үшін құрылыс мерзімін қатаң сақтауы керек екенін атап өтті. Аймақ басшысы қала тұрғындары үшін қолайлы айналмалы жолдарда қозғалыс ұйымдастыру қажеттілігіне ерекше назар аударды", - деп айтылған хабарламада.

"Алматыметроқұрылыс" АҚ-ның бас директоры Мұрат Үкшебаев қала әкімін құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр деп сендірді.

Қазіргі уақытта Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінде орналасатын "Сайран" станциясында құрылыс алаңында орналасқан үйлерді иелерінен сатып алп, оларды бұзу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш станцияның жұмысы осы жылдың желтоқсан айында басталып, тура бір жыл мерзімде аяқталады деп жоспарлануда.

Ал Абай даңғылы ме Өтеген батыр көшесінде орналасатын "Мәскеу" станциясында айналма жолдың құрылысы үшін су құбыры, кәріз, байланыс және телекоммуникация желілерін сыртқа шығары жұмыстары жүргізілуде. Оның құрылысы келесі айда басталып, 2012 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, құрылысы 1988 жылы басталған Алматы метрополитенінің "Райымбек батыр" станциясынан "Алатау" станциясына дейінгі учаскесі 2011 жылдың 1 желтоқсанында салтанатты түрде ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны