08.09.2009, 18:18 3021

Алматы метросының үш станциясының құрылысы 2009 жылдың соңына дейін аяқталатын болады

Алматы метросының үш станциясының құрылысы 2009 жылдың соңына дейін аяқталатын болады

Алматы. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін Алматы қаласында салынып жатқан метроның "Жібек Жолы", "Алатау" станцияларында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Панфилов пен Гоголь көшелерінің қиылысына орналасқан инженерлік корпус үстіміздегі жылдың қараша аяйында іске қосылады. Мұнда "Алматы қаласының метрополитені" МҚК мен қызмет көрсету бөлімі орналасады.

Метро құрылысына келетін болсақ, 2009 жылдың аяғына таман "Райымбек", "Алатау", "Жібек жолы" деп аталатын станциялардың құрылысы аяқталады. Қазіргі кезде "Райымбек" - 90%, "Жібек-Жолы" - 75%, "Алатау" - 65%-ға дайын.

Бүгінде метро құрылысы кесте бойынша жүзеге асуда. 2009 жылдың сәуір айында Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде өткен кеңесте Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев метро құрылысына 14 млрд теңге бөлу жөнінде үкіметке тапсырма берген болатын. Қазіргі кезде бірінші транш толық игерілді.

Алматы қаласының метросын салуда қазақстандық сипатқа ерекше мән берілуде. Қазақстан сәулетшілерінің өнері осы құрылыста 100% пайдаланылуда. Алайда, Қазақстанда қажетті материалдардың жоқтығы салдарынан өзге аймақтар кәсіпорындарының өнімдері де кәдеге жарауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны