30.06.2018, 12:55 8129

Алматы музейінде "Рухани жаӊғыру залы" жобасы әзірленуде

Экспозицияныӊ ауқымды бір бөлігі "100 жаӊа есім" жобасына енген 20 жерлесімізге арналған. Ир салада келелі жетістіктерге қол жеткізіп, айқын азаматтық ұстанымы мен берекелі істерімен танылған алматылықтардыӊ өнегесі өскелеӊ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - Елбасы Н. И. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында көрсетілген шараларды іске асыру аясында Алматы музейінде "Рухани жаӊғыру залы" жобасы әзірленуде. Тәуелсіздіктіӊ тұғыры бекіген сайын төл тарихты танып білуге талпыныс артып келеді. Сондықтан Алматы музейіндегі жаӊа экспозиция ұлттық рухын іздеп, түп-тамырына үӊілген әрбір жанға рухани азық бермек.

Аталмыш залда "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" жобасына енген Алматы қаласы аумағында орналасқан нысандар - "Тәуелсіздік таӊы" монументі, қазіргі Қазақ-Британ техникалық университеті орналасқан ғимарат, Вознесен Соборы, А. Байтұрсынұлыныӊ музей-үйі, "Боралдай сақ қорғандары" археологиялық паркі, Райымбек батыр кесенесі туралы толық мәліметтермен танысуға болады.

Сонымен қатар, жергілікті маӊызы бар Алматы музейі, Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш, Көктөбе, "Медеу" мұз айдыны, заӊғар жазушы Мұхтар Иуезовтыӊ музей-үйі туралы көрнекі ақпарат та келушілердіӊ қызығушылығын туғызары анық.

Экспозицияныӊ ауқымды бір бөлігі "100 жаӊа есім" жобасына енген 20 жерлесімізге арналған. Ир салада келелі жетістіктерге қол жеткізіп, айқын азаматтық ұстанымы мен берекелі істерімен танылған алматылықтардыӊ өнегесі өскелеӊ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Сондай-ақ, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы ақпарат, қазақ тілінде басылып шығатын 100 оқулықтыӊ алғашқылары осы залдан өз орнын табады.

Мекенжайы: Алматы музейі, Қабанбай батыр,132

"Алматы қаласы музейлер бірлестігі" ҚМКК Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны