14.09.2017, 17:17 4261

Алматы облысы әкімдігінде жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтініштерін қарау тәртібі туралы семинар-кеӊес өткізілді

Облыс бойынша 2016 жылы 60 мыӊнан астам, биылғы жылы 48 мыӊдай өтініш тіркелген. Басым бөлігі атқарушы органдарға тиесілі. Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Талдықорған қаласыныӊ тұрғындарынан арыз-шағымдар жиі түседі.

Талдықорған. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімі аппаратыныӊ басшысы Батыржан Құлаймергеновтіӊ төрағалығымен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініӊ облыстық басқармасымен бірлескен жеке және заӊды тұлғалардыӊ өтініштерін қарау тәртібі туралы семинар-кеӊес өткізілді.

Жиын барысында ҚР Бас прокуратурасыныӊ Құқықтық статистика және есепке алу комитетініӊ Алматы облысы бойынша басқармасы басшысыныӊ орынбасары Алиса Самойленко баяндама жасады. Облыс бойынша 2016 жылы 60 мыӊнан астам, биылғы жылы 48 мыӊдай өтініш тіркелген. Басым бөлігі атқарушы органдарға тиесілі. Іле, Талғар, Еӊбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Талдықорған қаласыныӊ тұрғындарынан арыз-шағымдар жиі түседі. Мәселен, Іле ауданында биылғы жылдыӊ 8 айында 8440, Еӊбекшіқазақ ауданында 5887, Талдықорған қаласында 5689 өтініш тіркелген. Өтініштердіӊ басым бөлігі жер қатынастары, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелерін көтерген.

Өтініштерді қарастыру барысында Басқарма тарапынан жасалған талдау кезінде біртекті қайталатын кемшіліктер Еӊбекшіқазақ, Талғар аудандарында орын алғаны анықталды. Бұл орайда өтініш қабылдау барысында талонныӊ берілмеуі, хаттардыӊ орындалу мерзімініӊ сақталмауы, жергілікті атқарушы органныӊ құзіретіне кірмейтін мәселені қарастыру сияқты ортақ кемшіліктерді атап өтуге болады.

Жоғарыда аталған аудандар мен қаланыӊ аппарат басшылары олқылықтарды жою барысында қабылданған шаралар жайлы баяндады. Кемшіліктерге жол берудіӊ негізі себептері ретінде адами факторлар, кадрлардыӊ жиі ауысуы мен техникалық себептер атап өтілді.

- Хаттарды қарау нәтижелеріне тек қана орындаушы мамандар ғана емес, басшылар да тікелей жауап беруі тиіс. Кемшілікке жол берген қатардағы қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартумен мәселе шешілмейді. Сондықтан аппарат басшылары, аудан, қала әкімдері өтініштерді қарау тәртібініӊ сақталуын тікелей бақылауға алып, апта сайын талдау жүргізіп отыруы керек. Халықтыӊ мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін қалыптастыру, мемлекеттік органдар жұмысыныӊ тиімділігі өтініштерді қарау сапасына тікелей байланысты", - деді Б. Байжұманов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны