18.04.2017, 20:10 14119

Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы болып Батыржан Байжұманов тағайындалды

Актив жиынында Амандық Баталов жаӊа басшыныӊ алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау жұмысын, оған қоса орындаушылық тәртіпті де басты назарда ұстауды тапсырды.

Талдықорған. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов аппарат ұжымына жаӊадан тағайындалған аппарат басшысы Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлын таныстырды.

Актив жиынында Амандық Баталов жаӊа басшыныӊ алдына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, азаматтарды қабылдау және өтініштерді қарау жұмысын, оған қоса орындаушылық тәртіпті де басты назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Ақпараттық-сараптамалық орталық пен хаттама қызметін ұйымдастыруда да жаӊаша ұсыныстар енгізуі қажеттігін айтты.

Өз кезегінде Батыржан Байжұманов өзіне артылған сенім үшін ризашылығын білдіріп, жүктелген жауапкершілік жүгін барынша тыӊғылықты атқаратынына сендірді.

Алматы облысы әкімініӊ өкімімен Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы болып тағайындалды.

Батыржан Құлаймергенұлы БАЙЖҰМАНОВ 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - ғалым агроном, менеджер. 2008 жылы "Децентрализация" бағдарламасы арқылы Дьюк университетінде (АҚШ) білім алды.

Еӊбек жолын 1999 жылы бастап, Алматы қаласындағы бизнес құрылымдарында жұмыс істеді. Ир жылдарда ҚР Премьер-Министрі Кеӊсесініӊ аға маманы, сарапшысы, ҚР Президенті Кеӊсесініӊ аға, бас сарапшысы, консультанты, ҚР Президенті Икімшілігініӊ инспекторы, мемлекеттік инспекторы, "КазАгроИнновация" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдыӊ қазан айынан - "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары.

"Ерен еӊбегі үшін" медалімен және тағы 3 медальмен марапатталған.

Алматы облысы әкімініӊ өкімімен Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны