03.01.2018, 14:46 5620

Алматы облысы әкімі еӊбек ардагерлерін Жаӊа жылымен құттықтады

Еӊбек ардагерлеріне арнаған құттықтау сөзінде А. Баталов олардыӊ облыстыӊ өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еӊбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатынын жеткізді.

Талдықорған. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы облысы әкімі әкімі Амандық Баталов КСРО ордендерініӊ үш дүркін кавалері, еӊбек ардагері, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бәтима Сақауованы және Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерініӊ кавалері, мәдениет қайраткері Егеубек Далбағаевты келе жатқан Жаӊа жыл мерекесімен құттықтады. Алматы облысыныӊ Құрметті азаматтары қатарындағы қос ардагерге жаӊа жылдық сыйлықтар мен гүл шоқтарын берді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊбек ардагерлеріне арнаған құттықтау сөзінде А. Баталов олардыӊ облыстыӊ өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еӊбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатынын жеткізді.

Бәтима Сақауова Мемлекет басшысы мен облыс жетекшілерініӊ алдыӊғы толқынға көретіп келе жатқан қамқорлықтары үшін алғысын білдіріп, үйде отырса да елдегі, облыстағы барлық жаӊалықтарға құлақ түріп, хабардар болып отыратынын айтты. Соӊғы жылдары облыс орталығы Талдықорған қаласыныӊ түрленіп, түлеп келе жатқанын тілге тиек етті.

- Мен әрқашан облыс туралы жаӊалықтарды біліп отыруға тырысамын. Жетісу өӊірініӊ көркейгені - мен үшін үлкен қуаныш. Жүгері мен қант қызылшасыныӊ алқабын жыл сайын арттырып келесіӊдер. Талдықорған да жылдан жылға сәулеттене бастады. Өзіӊді "Халық әкімі" атанды деп естіп жатырмын, осы атқарып жатқан істеріӊ оған әбден лайық деп ойлаймын, - деді Б. Сақауова облыс басшысы А. Баталовқа қарата айтқан сөзінде.

Еӊбек ардагері Егеубек Далбағаевқа облыс әкімі "Құрмет" орденін тапсырды. Өз кезегінде Е. Далбағаев та ардагерлер атынан облыс жұртшылығын жаӊа жылмен құттықтап, елімізге тыныштық, бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны