14.09.2018, 21:46 4948

Алматы облысы аумағында тау туризмін дамыту мәселелері талқыланды

Сонымен қатар таулы аймақтардыӊ көпшілігі ұлттық парктердіӊ аумағына кіретін болғандықтан, тау туризмін дамытуда барлық заӊнамалық, экологиялық және басқа да аспектілерді түгелдей ескеру керектігіне назар аударды.

Қарағанды. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов Алматы облысы аумағында тау туризмі кластерін дамытуға қатысты инвесторлармен кездесу өткізді. Австриялық "Мастер-концепт" компаниясыныӊ өкілі Гернот Ляйтнер, Алматы өӊірініӊ туристік кластері қауымдастығыныӊ құрылтайшысы Райымбек Баталов және аталған ұйымдардыӊ өзге де өкілдері облыс әкімімен жүздесу барысында Талғар ауданы аумағындағы "Лесная сказка" тау курортын, курорт орналасқан Ойқарағай сайында тау туризмін дамыту туралы ұсыныс-пікірлерін айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Австриялық сәулетші Гернот Ляйтнердіӊ айтуынша, жобалаумен және жоспарлаумен айналысатын "Мастер-концерн" компаниясы негізінен туристік нысандарды инвестициялайды. Австрияда 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компанияныӊ Ресейдегі жұмыс тәжірбиесі 10 жыл, ал Қазақстанда 6 жылға аяқ басқан.

Г. Ляйтнер "Лесная сказка" курортын отбасылық-спорттық курорт түрінде дамытуға мүмкіндіктер бар екенін айтты. Жергілікті биліктіӊ қолдауымен курортқа баратын жол салынып жатқанын көріп, қуанғандарын жасырмады. Осыдан екі ай бұрын компания Алматы өӊіріндегі тау туризмі жоспарына қажетті зерттеу жұмыстарын бастаған. Бұл орайда екі модель қарастырылып отыр. Біріншісі, бұрыннан бар, жұмыс істеп тұрған курорттарды одан әрі дамытудыӊ әлеуетін зерделеу, екіншісі қай жерлерде туристік бағыттарды дамытуға болатынын білу үшін таулы жерлерді зерттеу. Осыған байланысты дайындалған слайдтар көрсетіліп, түсіндірілді.

Алматы өӊірініӊ туристік кластері қауымдастығыныӊ құрылтайшысы Райымбек Баталов та сөз алып, бұл саланы дамытудағы еӊ бірінші нысаналы мақсат - отандық демалушылар болса, екіншіден шетелдік туристердіӊ де тартылатынын жоба барысында бірден ескеру керектігін сөз етті. Сондай-ақ тау туризмі шағын және орта бизнестіӊ дамуына, қызмет көрсету саласына тыӊ серпін беретінін де атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов жалпы Ойқарағай сайын жеке дара бөліп қарастырмай, еӊ алдымен облыстағы тау туризмін дамытудыӊ тұтас бір тұжырымдамасын дайындау қажеттігін айтып, бұл істі облыстық туризм басқармасына тапсырды.

- Себебі біз тау туризмі туралы тұтас қарастырып, Алматы маӊынан өзге, Шарын шатқалын, Лепсі өӊіріндегі, Райымбек ауданындағы таулы өӊірлерді де толық қамтуға тиіспіз. Бұл ретте осындай таулы аймақтардыӊ мүмкіндіктерін бүге-шігесіне дейін зерттеп, тани алатын мамандардыӊ білімі мен білігін пайдалана білуіміз керек. Жалпы табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланыстыАлматы өӊіріндегі тау туризмінде қалаға қарағанда Алматы облысыныӊ үлесі әлдеқайда басым. Сондықтан қыста ғана емес, жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін тау курорттарын дамытудыӊ жоспарлары да жасалуы тиіс, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуге қанша қаражат қажет екенін де есептеуіміз қажет. Одан әрі бұл жобаныӊ операторы нақты қай мекеме болатынын да анықтауымыз керек, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар таулы аймақтардыӊ көпшілігі ұлттық парктердіӊ аумағына кіретін болғандықтан, тау туризмін дамытуда барлық заӊнамалық, экологиялық және басқа да аспектілерді түгелдей ескеру керектігіне назар аударды.

Осындай маӊызды мәселені талқылауға келген "Мастер-концерн" компаниясы мен қауымдастық өкілдеріне рахмет айтып: "Бірлесіп жұмыс істесек, облыс экономикасын одан әрі дамытуға ықпал ететін жақсы нәтиже шығады, әрі тау туризмі мультипликативтік эффект беретін саланыӊ біріне айналады деп ойлаймын", - деді облыс басшысы сөзініӊ қорытындысында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны