01.07.2015, 09:36 3909

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметініӊ қызметкерлерімен арақ-шарап өнімдерін өндірумен айналысқан астыртын цехтіӊ жұмысын тоқтатты.

Алматы. 01 Шілде. Kazakhstan Today - Жедел тексеріс барысында, Алматы облысы Қарасай ауданыныӊ аумағында белгісіз тұлғалардыӊ астыртын алкогольдік өнімдерін сатуы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қаскелеӊ қаласында 10 500 теӊгеге қолдан жасаған спирттік өнімді сатпақ болған азаматты ұстап, аталған өнімдер және оӊан жабыстырылған акциздік маркалар жалған екендігі анықталған.

Бұдан әрі жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде аталған өнімдер Алматы қаласы Алатау ауданында жасалғандығы анықталып, сол мекен-жәй бойынша тексерістер жүргізілді. Нәтижесінде астыртын цехте нарықтағы танымал, жалпы саны 68 данадан тұратын арақ және вискилер тәркіленген.

Сондай-ақ 175 дана жалған есептік-бақылау маркалары, сонымен қатар, бөліп құюға арналған ыдыстар - спирттік өнім құйылған көлемі 20 литрлік 2 дана цистерна, спирттік өнім құйылған көлемі 5 литрлік бөтелке, бөшке, жүйелі шлангтер және бос әйнек ыдыстар тәркіленді.

Қазіргі таӊда, тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар сараптау тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны