17.10.2018, 18:00 5131

Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігі № 32363 әскери бөлімініӊ капитан шеніндегі штаб бастығы ұсталды

Кінәсін толық мойындауына байланысты әскери қызметшілерге қатысты процестік ұстап алу қолданылмады.

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігі № 32363 әскери бөлімініӊ штаб бастығы сыбайлас жемқорлыққа күдіктелуде.

Ағымдағы жылдыӊ 12 қазан күні сыбайлас жемқорлықпен Алматы облысы Қапшағай қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігі № 32363 әскери бөлімініӊ капитан шеніндегі штаб бастығы ұсталды. Ол, қызметте жалпы қамқорлығына алу үшін әскери қызметшілерден 170 000 теӊге көлемінде заӊсыз сыйақы алған деп күдіктелуде.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Кінәсін толық мойындауына байланысты әскери қызметшілерге қатысты процестік ұстап алу қолданылмады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны