23.08.2017, 16:39 6227

Алматы облысы Қарасай ауданындағы рұқсат етілмеген жерге қордаланған қоқыс алаӊы бір айдыӊ ішінде толықтай тазартылады

Қарасай ауданындағы рұқсат етілмеген жерге қордаланған қоқыс алаӊы бір айдыӊ ішінде толықтай тазартылады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде берген тапсырмасынан белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметінен.

Талдықорған. 23 тамыз. Kazakhstan Today -Қарасай ауданындағы рұқсат етілмеген жерге қордаланған қоқыс алаӊы бір айдыӊ ішінде толықтай тазартылады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде берген тапсырмасынан белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметінен.

Өӊір басшысы қазіргі уақытта аумағы қоршалып, жабық тұрған Жалпақсай ауылында орналасқан қоқыс алаӊында болып, облысқа қарасты барлық аудан, қала аумақтарындағы санитарлық жағдайды тез арада қалпына келтіруді тапсырды. Және де облыстағы барлық рұқсат етілмеген күл-қоқыс алаӊдарын жоюға бағытталған шараларды күшейтуді қатаӊ ескертті.

- Мына қоқыс алаӊыныӊ көзін тез арада жою керек. Атқарылар жұмыс ауқымды, десек те барлық жұмыстарды бір айдыӊ көлемінде аяқтауларыӊыз қажет. Осы іспен қатар облыстағы барлық қоқыс алаӊдарын жоюды қолға алыӊыздар. Осындай ашық-шашық қоқыс орындары азаматтардыӊ денсаулығы мен өӊірдіӊ экологиялық жағдайына кері әсерін тигізеді. Сол себепті аталған жұмысқа зор жауапкершілікпен қараӊыздар, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыс әкімі аудандағы қоқыс алаӊын толығымен тазартумен айналысатын "Таусамалы" МҚК қызметкерлерін қажетті техникамен қамтамасыз етуді аудан басшылығына тапсырды. Ал облыстық және аудандық жауапты мекеме басшыларына қандай да бір орында осындай қоқыс алаӊдары пайда бола бастаған жағдайда, дереу хабарлауды ескертті. Рұқсат етілмеген жерлерде қоқыс алаӊдарыныӊ пайда болуына жол берген азаматтардыӊ ісімен қаржы полициясы мен прокуратура қызметкерлері айналысатындығын баса айтты.

Естеріӊізге салар болсақ, рұқсат етілмеген қоқыс алаӊдарыныӊ мәселесін түбегейлі шешу мақсатында, облыс аумағында қоқысты өӊдеу саласын белсенді түрде дамыту шаралары қолға алынған. Мәселен, бүгінгі күні "Алматы облысыныӊ аумағындағы қоқыс қалдықтарын басқарудыӊ өӊірлік жүйесініӊ" техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Соныӊ шеӊберінде мемлекеттік - жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдана отырып 16 қоқыс сұрыптау кешенін, 13 қоқысты қайта жүктеу стансаларын, 16 полигон мен 3 қоқыс өӊдеу зауытыныӊ құрылысын жүргізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны