07.09.2010, 13:42 5386

Алматы облысы мектептерінің бірінде оқу ісінің меңгерушісі барлық ата-аналардың қатысуын міндеттеп, оқушылардың формасын сатқан

Алматы облысы мектептерінің бірінде оқу ісінің меңгерушісі барлық ата-аналардың қатысуын міндеттеп, оқушылардың формасын сатқан

Алматы. 7 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысының Мыңбаев аулындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі барлық ата-аналардың қатысуын міндеттеп, оқушылардың формасын сатқан, ал директор басқа жақтан киім сатып алғандарды сабаққа кіргізбейтіндігін айтып, сес көрсеткен. Бұл туралы ата-аналардың бірі ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің интернет-блогына хабар берген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Оқу жылының аяғында киім үлгісі қара көк өңді болуы шарт, басқа шектеу қойылмайтындығының айтылғандығына қарамастан 1-тамызда мектеп директоры жаңа мектеп формасының енгізілетіндігі туралы жария еткен. Мектеп директоры А. Ж.Ибраимова мен оқу ісінің меңгерушісі Б.Б.Есқараева мектеп формасын олардан сатып алуға мәжүбірлеген, киімдерді сатумен оқу ісінің меңгерушісі өз кабинетінде айналысқан",- деп хабарлаған ата-ана.

Олар ата-аналардың алдын ала алып қойған киімдерін жеке-жеке көріп, қайсібірін жарамсыз деп таныған. Мұндай жағдайда ата-аналар мектеп қызметкерлерінің ұсынып отырған киімдерін алуға мәжүбір болған.

Ал олардың 3500-3700 деп сатып отырған мектеп формалары базарда 2500-2800 теңге тұрады. Ол "мектепте 600 оқушы бар екендігін, ал әрбір оқушыдан 1000 теңгеге дейін пайда түссе, барлығы 600 000 теңге түсетіндігін" атап өтті.

"ҚР БҒМ жолданған деректің мән-жайын анықтап, себептерін анықтай келе, Мыңбаев аулындағы мектеп директоры А. Ж.Ибраимоваға ата-аналармен өзара қатынас барысында тәртіп бұзушылыққа барғаны үшін ескерту жарияланды",- деп хабардар етті Ж. Түймебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны