14.12.2011, 15:05 3804

Алматы облысы тәуелсіздік жылдары айтарлықтай әлеуметтік жетістіктерге жетті

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында білім беру саласында сапалы өзгерістер болып, денсаулық сақтау көрсеткіштері артты. Сонымен қатар, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 1999 жылғы 14,2 пайыз көрсеткіштен 2010 жылы 5,6 пайыз көрсеткішке дейін төмендеді.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысы тәуелсіздік жылдары айтарлықтай әлеуметтік жетістіктерге жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Тәуелсіздік жылдары Алматы облысында білім беру саласында сапалы өзгерістер болып, денсаулық сақтау көрсеткіштері артты. Сонымен қатар, өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 1999 жылғы 14,2 пайыз көрсеткіштен 2010 жылы 5,6 пайыз көрсеткішке дейін төмендеді.

Алматы облысы білім беру жүйесінің бюджеті 1998 жылмен салыстырғанда 5,4 млрд. теңгеден 73,7 млрд. теңгеге немесе 13,6 есеге артты. Осы жылдар ішінде 70 мектеп, соның ішінде 10 мектеп "100 мектеп. 100 аурухана" бағдарламасы бойынша салынған. Сондай-ақ Талдықорған қаласында "Назарбаев зияткерлік мектебі" салынды, 1480 баланы қамтитын 5 балабақша ашылып, 1200 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті. 1991 жылы кәсіби-техникалық білім беретін 17 мекеме болса, 2010 жылы олардың саны 73-ке дейін көбейген.

Өңір мектептерінің барлығы Ғаламтор желісіне қосылған, оның ішінде мектептердің 41,4 пайызына кеңжолақты Ғаламтор тартылған. Ирбір екінші мектеп қашықтықтан білім беру каналына қосылған, интерактивті тақталар орнатылған. Облыстағы әрбір үшінші мектепте лингафонды кабинет бар болса, әрбір төртінші мектеп жаңа нұсқадағы сыныптармен жабдықталған.

Алматы облысында Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштер жақсарды. Денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 1997 жылдағы 2,5 млрд. теңгеден 41,3 млрд. теңгеге дейін немесе 17 есеге артқан. Жан басына шаққанда саладағы шығын мөлшері 14 есеге, 1572 теңгеден 21962 теңгеге өскен.

Облыста ана өлімінің көрсеткіші 1991 жылғы 69,1 көрсеткіштен (1000 жаңа босанған әйелге шаққанда ) 2010 жылы 16,4-ке дейін қысқарды; сәби өлімінің көрсеткіші 1991 жылғы 24,1 көрсеткіштен (1000 тірі туған нәрестеге шаққанда) 2010 жылы 13,4-ке дейін төмендеді.

Алматы облысында замануи медициналық орталықтар, атап айтқанда, диагностикалық, перинаталды, кардиологиялық орталықтар ашылды. 2004-2011 жылдар ішінде 34 медициналық мекеме, оның ішінде "100 мектеп. 100 аурухана" бағдарламасы бойынша 4 аурухана салынған. Облыста 3 заманауи компьютерлік томография мен 8 маммография бар. Ауылдағы медициналық ұйымдардың 99 пайызы автокөлікпен, 98 пайызы телефон байланысымен, 92 пайызы компьютермен жабдықталған.

Егемендік жылдары Алматы облысындағы жұмыссыздық деңгейін 1999 жылғы 14,2 пайыздан 2010 жылы 5,6 пайызға дейін төмендету, ал кедей халық үлесін 10,2 пайыздан 0,3 пайызға дейін төмендету мүмкін болды. 2011 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызға дейін азайды.

Жалпы алғанда, 2000-2001 жылдары облыс бойынша 216,8 мың жұмыс орны, оның ішінде "Жол картасы" бағдарламасы бойынша 34 мың жұмыс орны ашылған. "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы аясында 2011 жылы 4512 адам оқуға бағытталған. Оның ішінде 1666 адам оқуларын аяқтап, 1494 жұмыспен қамтылды, 356 адам субсидия алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны