20.05.2008, 14:09 2490

Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады - Дерновой

Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады - Дерновой

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысына Қытайдан келген науқасқа қойылған энтеровирус диагнозы расталмады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Науқас тиісті зерттеулерден өткізілді, клиникалық байқау мен зертхана мәліметтері бойынша диагноз расталған жоқ", - деді А. Дерновой.

"Біз бұдан былай осындай оқиғаның алдын алуға қажетті шараның бәрін қолдандық, сондай-ақ, шекарадағы бақылауды күшейтуге қажетті барлық шаралар дәйектелді", - деді министр.

"Қуанышқа орай, науқас үшін де, біз үшін де барлық мәселе шешілді", -деді ҚР денсаулық сақтау министрі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы облысының Алакөл ауданында бір науқасқа алдын-ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған болатын.

"Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, Алматы облысында 16 мамырда сағат 12.00-де Алакөл ауданында алдын-ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас тіркелді, Қазақстанға 26-сәуірде келген ҚХР тумасы", -деп хабарлады ҚР ТЖМ. Науқас Алакөл аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің арнаулы боксына жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны