19.10.2018, 20:56 5619

Алматы облысына жолдауды түсіндіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрі келді

Министр Талдықорғандағы Салтанат сарайында облыс әкімі Амандық Баталов бастаған облыс активімен, XVIII Азия ойындары мен III Паразия ойындарыныӊ жүлдегерлерімен кездесіп, Жолдауда қойылған міндеттерді талқылады.

Талдықорған. 19 қазан. Kazakhstan Today -Кеше Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауыныӊ негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Алматы облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы келді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Министр Талдықорғандағы Салтанат сарайында облыс әкімі Амандық Баталов бастаған облыс активімен, XVIII Азия ойындары мен III Паразия ойындарыныӊ жүлдегерлерімен кездесіп, Жолдауда қойылған міндеттерді талқылады.

- Төменгі жалақыны өсіру, қолжетімді баспана құрылысын дамыту, педагогтардыӊ мәртебесі туралы заӊ дайындау мен қабылдау, озық технологиямен жабдықталған онкологиялық орталық ашу, барлық мектептерді бейнебақылау камераларымен 100 % жабдықтау, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін жаппай салу. Жолдауда атап көрсетілген осы және өзге де тапсырмалар халықтыӊ тұрмыс жағдайын көтеруге, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Жолдау Алматы облысыныӊ одан әрі өркендеуіне мол мүмкіндік беріп отыр. Соныӊ ішінде мәдениет, туризм, спорт салаларын да ерекше атап өтуге болады. Бір ғана Алакөлдіӊ өзінде биылғы жылы миллионнан астам турист демалды. Облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Бұл жұмысқа өӊірдегі меценаттар да белсене қатысуға кірісті. Илгінде өзім куә болған осындағы жаӊа театр - көркемдік дизайны, акустикалық мүмкіндіктері зор өте ерекше ғимарат. Мұндай театрдыӊ ашылуы - аса маӊызды мәдени оқиға. Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, облыс басшылығымен бірлесе жұмыс істеп, барлық бағытта алдыӊғы қатардан көрініп келе жатқан өӊір халқына ризашылығымды білдіремін, - деді А. Мұхамадиұлы.

Кездесу барысында "Жетісу" телеарнасыныӊ директоры Бейсен Құранбек сөз алып, өӊір журналистерініӊ де Елбасы Жолдауын түсіндіруге белсене кіріскендерін атап өтті. Өз кезегінде Олимпиадалық резервтер дайындау орталығыныӊ директоры, еркін күрестен олимпиада чемпионы, Қазақстанныӊ спорт шебері Мәулен Мамыров спорт саласына көрсетіліп отырған мемлекет қолдауына ризашылығын айтып, облыс спортшыларыныӊ ел спортын дамытуға қосқан үлестеріне де тоқталып өтті.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов Жолдауды жүзеге асыру мақсатында өӊірде аталмыш құжатта көрсетілген барлық бағыттар қамтылған жоспар әзірленіп, оны орындау шаралары атқарылып жатқанын тілге иек етті.

- Жолдаудыӊ негізгі көтерер жүгі - қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын жақсарту. Сондықтан Елбасы тарапынан берілген нақты тапсырмаларды басшылыққа алып жұмыс істейміз. Еӊ алдымен, жаӊа жұмыс орындарын ашу, бар кәсіпорындарды жаӊғыртудан өткізу, жаӊа кәсіпорындар құруға екпін түсіруіміз керек. Мәселен, облыста біз шаруаларға сапалы тұқым беруден бастап ұзақ жылдар тоқтап тұрған қант зауыттарын қалпына келтіруге дейінгі қант кластерін құрдық. Екінші кезеӊде осы зауыттарды жаӊғыртып, соныӊ нәтижесінде шығынды азайта отырып, алынған өнімніӊ сапасын арттырдық. Биылғы жылы 400-450 мыӊ тонна қант қызылшасын өӊдейміз деп отырмыз. Бұл - рекордтық өнім. Оған қоса басқа да дақылдарға көӊіл бөліп келеміз. Биылғы жылы Райымбек ауданында атқарылған жұмыстардыӊ арқасында бір гектардан 500 центнер картоп алдық, ал облыс бойынша жалпы өнім әр гектарынан 180 центнерден айналды. Өмір сүрудіӊ қолайлылығы мен қауіпсіздігі де басты назарда. Талдықорған қаласыныӊ өзінде 20-дан астам бейнекамера орнатылды, ал осыдан 4 жыл бұрын олардыӊ саны небары 24 еді. Бұл жұмыс облыстыӊ басқа өӊірлерінде де жүргізіліп жатыр. 2 жылдыӊ ішінде тұрғын үймен біріктірілген 100 учаскелік полиция пунктін салдық. Мұндай нысандардыӊ құрылысы әлі де жалғасады. Тұрғын үйлердіӊ аулаларын абаттандыруды да ұмыт қалдырған жоқпыз. Бір ғана Қапшағай қаласында бұл мақсатқа 670 млн. теӊге бөлініп отыр. Осылайша біз ел Президенті өз Жолдауында атап көрсеткен халықтыӊ тұрмыс жағдайын жақсарту шараларын жалғастыратын боламыз, - деді А. Баталов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны