23.12.2010, 14:11 3910

Алматы облысында 10 адам қар құрсауынан құтқарылды

Алматы облысында 10 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 23 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысында 10 адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 23.56 Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне Қапал аулынан 12 шақырым жерде 10 адам мен 3 көліктің қар құрсауында қалғандығы туралы хабар келіп түскен. Бүгін сағат 01.30 адамдар мен көліктерді құтқару жұмыстары жүргізіліп, олар Қапал аулына жөнелтілді.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны