17.12.2017, 18:33 4003

Алматы облысында 51 медициналық жедел жәрдем берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаӊында Алматы облысындағы медицина қызметкерлеріне 51 жедел жәрдем көлігі берілді. Көлік кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов табыстады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаӊында Алматы облысындағы медицина қызметкерлеріне 51 жедел жәрдем көлігі берілді. Көлік кілттерін облыс әкімі Амандық Баталов табыстады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі Амандық Баталов:

- Құрметті медицина саласыныӊ қызметкерлері! Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Осы мереке қарсаӊында мемлекет қолдауыныӊ арқасында бүгін сіздердіӊ қуаныштарыӊыз еселеніп отыр.Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі жылдан жылға өсіп келеді.Соныӊ нәтижесінде заман талабына сай денсаулық сақтау нысандары салынып, олар еӊ соӊғы медициналық құралдармен жабдықталды. Бүгінгі күні аса күрделі операцияларды облыста өз дәрігерлеріміз жасай бастады және шетелде білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Тек соӊғы 3 жылда 50-ден астам дәрігер Ұлыбритания, Оӊтүстік Корея, Латвия, Польша, Израиль, Түркиясынды алыс шетелдерде білімін жетілдірді, - деп атап өтті.

Медицина саласына жасалып отырған қолдау шараларын тілге тиек ете келе:

- Соӊғы жылдарда емдеу мекемелеріне 218 санитарлық автокөлік сатып алынса, жергілікті бюджет есебінен 640,0 млн.теӊгеге 51 жедел жәрдем көрсететін жылжымалы кешенніӊ кілтін бүгін салтанатты түрде тапсырып отырмыз. Елбасыныӊ басшылығымен атқарылған осы игі шаралардыӊ бәрі де сіздердіӊ болашаққа сеніммен қарап, алаӊсыз еӊбек етулеріӊізге жасалған жағдай деп біліӊіздер, - деді А. Баталов.

Мұнан соӊ Талдықорған қалалық № 2 емхананыӊ кардиологы Қымбат Исафина медицина мамандарыныӊ атынан сөйлеп, тілегін білдірді. Қ. Исафина көрсетілген қолдаулар үшін алғысын айтып, денсаулық сақтау мамандары қызмет көрсету сапасын арттыруға, халықтыӊ денсаулығын жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайтындығын жеткізді.

Алматы облысыныӊ емдеу-профилактикалық мекемелерін автокөлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы 51 бірлік автокөлік алу үшін жергілікті бюджеттен 640,0 млн. теӊге бөлінген. Оныӊ 33 бірлігі - санитарлық автокөлік, 18-і - желілік, реанимациялық және кардио-реанимациялық бригадаға арналған жылжымалы медициналық жедел жәрдем кешені. Бұл кешен медициналық құралдармен (электрокардиограф, дефибриллятор, жасанды демалту портативті аппараты т.б.) қамтамасыз етілген. Барлық автомашиналар облыстыӊ аудан, қалаларындағы медицина ұйымдарына бөлінетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны