Система Orphus

Алматы облысында әйелімен ұрысып қалған жігіт өз-өзін өртеп жіберген

12.06.2013, 18:01 1586

Талдықорған. 12-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында әйелімен ұрысып қалған жігіт өз-өзін өртеп жіберген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысында полиция өз-өзін өртеп жіберген 26 жасар жігіттің қаза болу оқиғасына қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуына қарағанда, өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы Көксу ауданы Балпық би ауылында тіркелген. Онда отбасылық кикілжіңнің салдарынан жас жігіт өзінің "Фольксваген Пассат" автокөлігіне отырып, өз-өзін өртеп жіберген.

"Болған жайды тексеру барысында полицейлер жігіттің отбасылық ұрыстың кесірінен төркініне кетіп қалған әйелі мен балаларын қайтарып әкету үшін Іле ауданынан келгенін анықтады. Ийелі қайтып оралмайтынын жеткізген. Жанжал барысында отағасы үстіне бензин құйып, көлігіне отырады да өз-өзін жағып жібереді. Отқа оранған көлік ішінен жігітті аман алып шығу мүмкін болмады", - дейді К.Нұрахмет.

Аталған оқиғаға қатысты Көксу АІІБ тергеуге дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны