01.12.2008, 09:47 1580

Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде - Қазгидромет

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Алматы облысында алдағы күндерде температура минус 12 - 17 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 1 - 3 желтоқсанда түнде ауаның температурасы Солтүстік Қазақстан облысында минус 18 - 23, кей жерлерде минус 23 - 28 градусқа дейін; Ақмола облысында минус 10 - 15-тен 15 - 20, кей жерлерде 23 - 28 градус аязға дейін; Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында - минус 10 - 15-тен 18 - 23, кей жерлерде 25 - 30 градусқа дейін аяз, Қарағанды облысында - минус 8 - 13-тен 13 - 18, кей жерлерде 23 - 28 градус аяз, Қостанай облысында минус 12 - 17, кей жерлерде 20 градус аяз; 2-3 желтоқсанда Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында температура кей жерлерде минус 10 - 15 градусқа, Жамбыл және Алматы облыстарында - кей жерлерде 12 - 17 градус аязға дейін суытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны