07.07.2011, 18:08 4282

Алматы облысында аптап ыстық күтілуде

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйенсек, күндіз 7 шілдеде Алматы облысында Цельсий бойынша +35 - +38 градус аптап ыстық болады.

Алматы. 7 шілде. Kazakhstan Today - Алматы облысында 7 - 8 шілде күндері аптап ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасай отырып.

"Қазгидромет" РМК мәліметтеріне сүйенсек, күндіз 7 шілдеде Алматы облысында Цельсий бойынша +35 - +38 градус аптап ыстық болады.

Сондай-ақ, бірқатар облыстарда да күн ысиды деп болжанып отыр. Атап айтқанда, күндіз 7 - 8 шілде күндері Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Цельсий бағанасы бойынша +35 - +40 градус; Маңғыстау облысының жекелеген өңірлерінде - +40 - +43 градус; Ақтөбе облысында - +35 - +40 градус; Қостанай облысында - +35 - +38 градус; 8 шілдеде Қарағанды облысының басым аумақтарында Цельсий бойынша - +35 - +40 градус; 7 - 8 шілде күндері Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында - +40 - +43 градус; 8 шілде күні Жамбыл облысында - +38 - +41 градус болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны