17.02.2015, 18:40 3776

Алматы облысында әскери бөлімніӊ бұрынғы командирі өзіне қол салды

Бүгін Алматы облысы Боралдай кентіндегі 55065 әскери бөлімініӊ бұрынғы командирі, полковник Мырзабеков Абай Данабекұлы өзіне өзі қол жұмсады

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы облысы Боралдай кентіндегі 55065 әскери бөлімініӊ бұрынғы командирі, полковник Мырзабеков Абай Данабекұлы өзіне өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқиға орнында ҚР Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу басқармасы мен әскери прокуратура қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Каза тапқан офицер өлер алдында хат қалдырған, оныӊ мазмұны тергеу мүддесіне сай жарияланбайды. Искери қызметшініӊ қаза табу жағдайы туралы ақпарат тергеу іс-шаралары аяқталған соӊ хабарланатын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны