06.06.2007, 17:43 2871

Алматы облысында аудан әкімі кришнаиттердің ғибадатханасын 10 күн ішінде бұзуды талап етті

АЛМАТЫ. 6 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысында аудан әкімі кришнаиттердің ғибадатханасы мен басқа да құрылыстарын 10 күн ішінде бұзуды талап етті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Общества сознания Кришны" баспасөз қызметінен хабарлады. "6-шы маусымда таңертең жергілікті тәртіп сақшысы "Общества сознания Кришны" төрағасына сот шешіміне сәйкес қауымның фермерлік жер телімі... ауданның жер қорына кіретіндігі туралы Қарасай ауданының әкімі Құтпановтың қолы қойылған құжатты тапсырған.

АЛМАТЫ. 6 - маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысында аудан әкімі кришнаиттердің ғибадатханасы мен басқа да құрылыстарын 10 күн ішінде бұзуды талап етті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Общества сознания Кришны" баспасөз қызметінен хабарлады.

"6-шы маусымда таңертең жергілікті тәртіп сақшысы "Общества сознания Кришны" төрағасына сот шешіміне сәйкес қауымның фермерлік жер телімі... ауданның жер қорына кіретіндігі туралы Қарасай ауданының әкімі Құтпановтың қолы қойылған құжатты тапсырған. Осының негізінде Қарасай ауданының әкімі 10 күн ішінде осы жер телімінде "заңсыз салынған құрылыстардың" барлығын, соның ішінде ғибадатхананы бұзуды талап етеді",- деп хабарлайды діни қауымның баспасөз қызметінен.

Кришнаиттер әкімнің бұл өкімі заңсыз деп санайды, себебі жергілікті әкімшілік басшысының "құрылысты бұзуды талап ететін құқығы жоқ". "Сот шешімінде жер телімін тәркілеу туралы ғана айтылған, бірақ қауымның фермерлік жеріндегі құрылысты бұзу туралы ештеңе айтылмаған",- деп түсіндірді қауымның баспасөз қызметінен. Сонымен қатар, "әкім қауымның жеріне салынған құрылысты "заңсыз салынған" деп атап отыр". "Бірақ, ғибадатхана ғимараты мен сиыр қора кришнаиттер жерді алғанға дейін болған",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қауым мүшелері "Қарасай аудандық әкімшілігінің заңсыз әрекетіне байланысты прокуратураға" шағым жасамақ.

"Обществе сознания Кришны" Діни істер жөніндегі комитет төрағасы олармен соңғы кездесуінде 26-мамырға дейін қауымға басқа жер телімі берілетіндігіне уәде бергендігін хабарлады. Бірақ жер әлі берілген жоқ. "Астана кришнаиттердіңс проблемалары белсенді шешіліп жатқандай кейіп танытып отырғанымен, шындығына келгенде оны ешкімнің шешуге құлқы жоқ. Жергілікті әкімшіліктің іс-әрекеті осыған дәлел",- делінген "Общества сознания Кришны" қоғамы таратқан баспасөз баянында.

Естеріңізге сала кетейік, кришнаиттер қауымына қатысты дау-жанжал 2004 жылдан бері жалғасып келеді. 2006 жылдың қарашасында жергілікті билік қауымның 14 үйін бұздырған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны